Алматыда Ләйлә Сұлтанқызының “Менің екінші кітабым” атты кітабының тұсаукесері өтті

Автор: Aina Dosmakhambet
1997 0 Новости
18 маусым күні Алматыда атақты тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының кітабының тұсаукесері өтті.

Кітаптың тұсаукесерін алматылықтар ұзақ күтті. Сол себептен, сағат 18.00-де  "Меломан" кітап дүкендері желісінде аяқ басар жер болмады. Жиналған адамдардың көпшілігі соншалықты, тіпті дүкеннің екі қабатына сыймай, сыртта күткендері де бар.

Тұсаукесер барысында Ләйлә ханым жиналған оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, артынша қолтаңба сессиясын өткізді. Күтпеген жерден кітаптың тұсаукесері  нағыз тұсау кесу рәсіміне ұласты: тележүргізушіге алдын ала Әмина және Фатима есімді екі егіз бүлдіршіннің тұсауын кесу туралы сұраныс келіп түскен екен. Ләйлә ханым бұл сұранысты жауапсыз қалдырмай, бүлдіршіннің біреуінің тұсауын өзі кесіп, екішісін кештің шақырылған қонағы Жанар Дұғаловаға бұйырды.

Тұсаукесердің жүргізушісі болған - Тәуекел Мүсілім. Тәуекел мен Жанардан басқа кештің арнайы қонағы ретінде Дина Төлепберген шақырылды. Сонымен қатар, авторды қолдауға оның жақын достар мен таныстары жиналды.

"Менің екінші кітабым" атты Ләйлә Сұлтанқызының кітабы қазақ әйелдеріне арналып, бірталай өзекті мәселелерді қозғайды.

қазақ әйелдеріне арналып, бірталай өзекті тақырыптарды қозғайды

Источник: http://comode.kz/post/novosti/nege-ljl-sltanyzyny-birinshi-kitaby-meni-ekinshi-kitabym-dep-atalady/

қазақ әйелдеріне арналып, бірталай өзекті тақырыптарды қозғайды.

Источник: http://comode.kz/post/novosti/nege-ljl-sltanyzyny-birinshi-kitaby-meni-ekinshi-kitabym-dep-atalady/

қазақ әйелдеріне арналып, бірталай өзекті тақырыптарды қозғайды.

Источник: http://comode.kz/post/novosti/nege-ljl-sltanyzyny-birinshi-kitaby-meni-ekinshi-kitabym-dep-atalady/

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий