Алашұлы тобы Угай

Автор: aisha007
3907 0 Новости
Қазақ сахнасына ұлттық нақышы бар, жүрегі елім,жерім, ұрпағым деп соққан 3 арыстай ер жігіт келді. Олардың есімі- Алашұлы!

 Гәкку телеарнасынан "Угай" бейнебаянын көргенде, жүрегім елжіреп қоя берді. Өйткені жігіттердің көтерген тақырыбы-дәл бүгінге қажетті тақырып еді. Техника дамыған заманында адамдардың бір-бірімен қарым -қатынас жасауы күрделеніп кетті. Адамдар бір - бірін түсінуден қалды. Ал "Угай" бейнебаянында жігіттер адамзатты бір сәтке телефоннан, компьютерден бас алып қоршаған адамдарға мейіріммен қарап, қазақша билейік, қазақша ән салайық, ата-дәстүрді ұмытпайық, ұлтымызды ұлықтайық деген ұранмен шықты. 

Бұл бейнебаян биыл маусым айында түсіріліпті. Режиссеры Ернар Нұрғалиев. Әннің сөзін Төреғали Төреәлі, ал әнін Ұшқын Жамалбек жазған екен.
Топ мүшелерін атамасқа болмас. Ол: Мақсат Рахмет, Әзімбек Байлин және Ұшқын Жамалбек. Жігіттер өнер жолын 2009 жылдан бастаған.  Қазір ерлеріміз жаңа әндер жазу үстінде екен. Ал 8-23 қазан аралығында олар Қытай еліне гастрольдық сапармен жол жүреді.  TURKVISION байқауына қызу дайындықтар жүріп жатыр. 

Топ мүшесі Мақсат Т.Жүргенов атындағы Қазак Ұлттық  Өнер Академиясының колледжінде сахна қозғалысы пәні бойынша ұстаздық етеді. Ал Әзімбек М.Әуезов атындағы драма театрында сахна қозғалысынан сабақ береді екен. Жігіттердің бәрі отбасылы жандар. Олардың продюсері - актриса Назгүл Қарабалина, ал
концерттік директоры Досхан Сәкенұлы. Ал біз өз тарапымыздан "Алашұлы" тобына бастаған игі істеріне сәттілік тілейміз.

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий