Қайрат Түнтеков Фаррелл Уильямстан асып түсті

Автор: Aysulu
6289 0 Новости
Көптен бері көрінбей кеткен Қайрат Түнтеков өнерімен қайта таң қалдырды.

Көптен бері көрінбей кеткен жас әнші Қайрат Түнтеков өнерімен жанкүйерлерін қайта таң қалдырды. Ол әйгілі америкалық әнші Фарелл Уильямстің Happy (Бақытты) әнін орындады. Кавер-нұсқадағы бейнебаян ғаламторда жарияланған болатын. Оны 59 мыңға жуық адам тамашалап үлгерген екен.  Жас әнші осындай қуанышты жаңалықтарымен бізді әлі де қуанта беретіндігіне сеніміміз мол.

Қайрат 2005-жылы Superstar.kz  жобасының жеңімпазы атанып әйгілі болды. Ал 2010-жылы Юрмала қаласында өткен жас әншілер байқауында 4-орынға ие болды.

2012-жыл Қайрат үшін сәтсіз болды. Ол жол апатын жасап, осы үшін қамауда 40 күн отырды. Осы оқиғадан соң ол мүлдем көрінбей кеткен болатын. Жаңа бейнебаянды жанкүйерлері Қайраттың сахнаға қайта оралуына балады.

  • Қайраттың дауысы ерекше
  • Юрмаладағы байқауда 4-орынға ие болды
  • 2012-жылы жол апатына себепкер болды
  • «Superstar.kz.» жобасының жеңімпазы

Қайратқа сәттілік тілейміз!

Стоит почитать

Жизнь после Superstar.kz и X-Factor

Что стало со звездами популярных шоу? Кем стали выходцы из казахстанкой "Фабрики звезд". Истории самых запомнившихся участников шоу.
23197 9 11 сентября

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий