Қайрат Нұртас Bentley көлігін алды

Автор: ARU88
10679 1 Новости
Осы күнге дейін де қымбат көліктен түспеген Қайрат осы жолы аса қымбат жаңа тұлпарға отырды. Желідегі парақшасына шет елдік Bentley машинасының суретін салып, көпке таныстырды.

Қайрат жақында алған темір тұлпарының жанында достарымен алайда-бұлайда суретке түсіп инстаграм арқылы жұртқа көрсетті. Қызығы басылмағандықтан болар, көлік тізгініне отырып, мәз болған әнші қала көшелерін аралап жүргендегі сәттерін де интернетке салуды ұмытпапты. Осы орайда кейбір оқырмандары тым астамшылық, мақтаншақ десе, енді бірі «лайықты», «еңбегінің арқасы» деп қорғаштағандар да табылды. Әрине, бүгінде той бизнес пен шоу бизнестің патшасы атанып отырған өнер иесіне қандай көлік мінсе де жарасатыны айтпаса да белгілі. Суреттен байқағанымыздай әнші Еркін Нұржанов, Ринат Баситовпен түскен екен. Айтпақшы, таяуда анасының да туған күнін дүркіретіп қымбат мейрамханада жасап берген еді. Не деген таусылмайтын ақша деп, таңқалып отырсыз ба? Біле білсеңіз Қайрат Нұртас байлардың қатарында. Темір тұлпарың құтты болсын, Қайрат!!!

  • Ринат пен Қайрат
Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 1
AraiS

Құтты болсын, игілігіне мінсін!

Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий