Қайрат Нұртас: Ана

Автор: aisha007
2695 1 Новости
Жақында әншінің Ана атты жаңа бейнебаяны шығады. "Тақиялы періште" фильмінде орындалған "Мама" әнін жаңаша өңдеумен жарық көреді

20 маусымда әншінің  "Ана" атты бейнебаяны жарық көреді. Бәрімізге белгілі сүйікті "Тақиялы періште" фильмінде Бибігүл Төлегенова орындайтын "Мама" әнін жаңаша өңдеуде айтып шығады екен. Клип режиссеры - Асқар Ұзабаев. Алғашында клипке еліміздің абыройлы аналарын: Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісовалар түсіріледі деп жоспарланған. Бірақ Қайраттың  анасы секілді болып кеткен туысқан апасы бар екен. Сол ардақты ананың қолынан шай ішіп, баласындай еркелейтін Қайрат клипке түсіремін деп сөз беріп қойыпты. Одан өзге әнші қайырымдылық шараларға жиі қатысады екен. Мүгедек жандарға арнап тегін концерт береді. Балалар үйіне концертін өткізіп, ойыншықтарын әперіп тұрады. Тіпті оның жанкүйерлері Семей қаласында Қайраттың қуыршағын жасап үлгеріпті. Тетігін басса, Қайраттың хит әндері шырқалатын көрінеді. Қайраттың шығармашылығына, киім киюіне, отырып тұрысына дейін еліктейтін жас балалар жетерлік. Жақында Қызылорда,Тараз, Екібастұз қалаларында жеке ән кештерін өткізіп қайтқан әнші қазан айында Алматыда да жеке концертін береді. Жазда Түркияға барып демалатын әнші жақында Астанадан зәулім сауда үйін ашу мақсатында құрылыс жұмыстарын бастағалы деп жатыр. Қазан айында Қайрат Нұртас Майамиге барып демалады.

Instagram: kair_n

Жеке парақшасы: http://vk.com/kingofmusic01

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 1
JANnat

Қайрат Нұртас жарайсың сен, сенен үлкен үміт күтемін, мен ғана емес, бүкіл Қазақстан, үмітімізді ақтай біл, нағыз қазақтың жігітісің сен

Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий