Айгүл Иманбаева шығармашылық орталық ашты

Автор: Aina Dosmakhambet
1853 0 Новости
Кризис жаңа бастамалар үшін ең қолайлы кезең екенін белгілі. Бұны қарапайым адамдар да, өнер жұлдыздары да жақсы біледі. Солардың бірі - Айгүл Иманбаева.

2 желтоқсан күні Айгүл Иманбаеваның жаңа орталығы ресми түрде ашылды. Оны актриса өзінің инста парақшасында жариялады.

Айгүлдің шығармашылық және даму орталығы оның аты және тегінің бастапқы әріптерінен құралып, AI-STUDIO деп аталады. AI-STUDIO Алматы қаласында орналасқан. Ол жерде балалар келесі бағыттар бойынша білім ала алады:

  • сахына және актер шеберлігі
  • вокал және музыка сабақтары
  • хореография
  • изостудия
  • спорт сабақтары
  • мектепке дейінгі дайындық
  • қосымша сабақтар
  • менталды арифметика
  • тілдік курстар
  • логика
  • риторика

Одан басқа, орталықта логопед пен психолог мамандар да жұмыс істейді. Ал болашақ әншілер мен жарнамаға тапсырсы берушілер үшін дыбыс жазу студиясы бар.


Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий