Айгүл Иманбаева екінші рет тұрмысқа шыққан ба?

Автор: ARU88
10104 0 Новости
Актриса, әнші, тележүргізуші Айгүл Иманбаеваның бірінші жары Сәбит Әбдіхалықовтан өзге біреуге күйеуге шыққаны қаншалықты шындыққа жанасады?

Қазақ эстрадасында ойып тұрып орын алатын әнші, актриса Айгүл Иманбаеваның бұрынғы, Алтынай Жорабаеваның қазіргі жұбайы актер Сәбит Әбдіхалықов екенін барша жұрт жақсы біледі. Алайда, Құрмаш Махановқа әншінің қандай қатысы бар? Екінші рет тұрмыс құрған ба? Көптің есінде болар, кезінде Айгүл «Ұят болмасын» бағдарламасы арқылы көпке таныс болғаны белгілі. Міне, сол уақытта Құрмаштың бейнебаянына қалыңдық болып түскен Айгүлдің суретін Фейсбук желісіне танымал тележурналист,сол бағдарламаның авторы Серік Абас-шах салған болатын. Интернетте талқыға түскен сурет бірталай адамдардың басын қатырды. Себебі, біреулер Маханов мырзаның бір ғана әйелі бар, бұл мүмкін емес десе, енді бірі Айгүл қашан тұрмысқа шығып үлгерген дегендей сұрақтар қойылыпты. Тіпті, әншінің өзі де баяғы суретін көріп, клипке түскен уақытын есіне алып, пікір қалдырды. Айтпақшы, Айгерім Қалаубаева да қалыңдық рөлін сомдаған ба, ол да ақ көйлек киіп Құрмаш ағасының жанында суретке түсіпті. Әзіл ретінде көне суретті салған Серік ағамыз жастық шақтарын еске бір түсіріп алды.

  • Айгерім Қалаубаева мен Құрмаш Маханов
  • Ұят болмасындағы келін Айгүл
Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий