Ахат Ибраев "Марко Поло"

Автор: aisha007
3374 0 Новости
Продюсерлік еткен 10 сериялы туынды биыл 12 желтоқанда жарық көретін болады.

Биыл 12 желтоқсанда "Марко Поло" атты фильмнің әлемдік тұсаукесері өтеді. Телехикаяның Қазақстандағы түсірілімінің желілік продюсері Ахат Ибраев болды.

Бас аяғы 10 сериядан тұратын "Марко Поло" телехикаясын ағайынды продюсерлер Харви және Боб Вайнштейндер түсірді. Драмада ұзақ жылдар бойы Қытай аумағында тұрған, 13 ғасырдың венециялық саяхатшысы және жазушысы Марко Полоның өмірбаяны суреттеледі.

Фильмдегі басты рөлді итальяндық актер Лоренцо Рикельми ойнайды. Қазақстандықтарға ол "Борджиа" сериалымен таныс. Оның сүйіктісінің рөлін қытайлық актриса Жу Жу сомдады. Фильм режиссерлері - Дэвид Петрарка, Алик Сахаров, Хоаким Роннинг және Эспен Сандберг.

Фильмнің қазақстандағы түсіріліміне продюсер Ахат Ибраев мен оның Adigul family films студиясы үлес қосты. Америкалықтар Ахат Ибраевтың өзіне хабарласып, серіктес болу ұсынысын жасаған. 

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий