2018-жылдың қаңтарының қуаныштары

Автор: Жанар Мырзабаева
770 0 Новости
2018 жыл – қазақ өнерпаздары үшін берекелі басталды. Ит жылының қаңтарында бір бастар екеу, екеулер үшеу болып көбейді. Ендеше, қуаныш иелеріне шолу жасайық.

Қаңтардың 7-і күні қобызшы Ақерке Тәжібаева мен отағасы Есенжол ата-ана атанды. Әдемі жұптың тұңғыштарының салмағы 3700 грамм, бойы 54 см. Ал, сұлудың есімі –Айкөркем. Періщтені перзентханадан шығарып алу үшін танымал продюсер, Ақеркенің әпкесі Гүлзира Үсенқызы, Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз, балеттің шебері Досжан Табылды секілді мықтылар жиналды.  Он екі сағат қиналып, аман-есен босанған Ақерке жүктілік кезінде йогамен тұрақты түрде айналысқан. Жас ана болашақ аналарға жүктілік кезінде спортпен, йогамен айналысуға кеңес берді.

Алуа Қонарова үшін де 2018 жыл берекелі басталды. Продюсер ханым қаңтар айында екі рет немерелі болды. 13-қаңтар күні Auymi тобының экс-әншісі Айдана жары Мәлікке маңдайы торсықтай ұл сыйлады. Салмағы 3404грамм, бойы 54 см батырдың есімін Мәліктің әкесі Мұса деп қойған. Ал, бизнесмен өзіне ұл сыйлаған сұлу келіншегін батырға балап, темір тұлпар мінгізді.

Айдананың ізін жалғап, үш күннен соң, 16-қаңтар күні «Rin’Go»-лық Аян екінші рет әке атанды. 16-қаңтар күні өмірге келген нәрестесіне есімді таңдау әнші жігіт үшін оңай болмады. Ол Диана немесе Сая деген қос есімнің бірін таңдау үшін ұзақ ойланған. Нәтижесінде, инста-достарының пікірі мен өзінің талғамына сүйене келіп Сая деген есімді Әдидың қарындасына азан шақырып қойды.

Айтпақшы, 2017-жылдың 21-желтоқсанында «Арай» тобының экс-әншісі Медет Көжекбаев та әке атанды. Бір қызығы, әнші  ұзақ уақыт бойы өзінің үйленгендігін құпия ұстаған. Үш жыл бұрын Құралай есімді арумен неке қиған Медеттің тұңғышы туралы сүйіншіні алғаш болып Нұржан Керменбаев өз парақшасында хабарлап, досын құттықтады.

Ал, бұл бақытты жандардың қуанышы келесі жұптарға жұғысты болсын дейміз. Олар ит жылы үйленіп, бір мемлекетке айналған жандар. Танымал домбырашы Мұрагер Сауранбаевты өнерсүйер қауым қазір көк жәшіктен де, сахнадан да өте сирек көреді. Астананың тұрғыны атанған сері 2018жылдың басында Әсел есімді арумен шаңырақ көтерді. Оның тойына елордалық әріптестерінің ат тұяғы қалыспастан жиналды. Олардың қатарында танымал продюсер Қыдырәлі Болманов, журналист Ринат Кертаев секілді тұлғалар да бар.

Жанар Дұғаловамен бірге «Turkvision-2014» қатысып, қазақтың домбырасын насихаттаған Нұржан да биыл үйленді. Домбырашы Нұржан Тәжікеновты құттықтау үшін Атырауға жас актер Нұржан Аташ, «Базар жоқтың» Қайраты, «Асылдың» Ақеркесі ат терлетіп барды. 

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий