Голливуд жұлдыздары қандай орамал тағады?

Автор: ARU88
3004 0 Новости моды
Үнемі аксессуар ретінде сәннен қалмайтын орамал әрбір әйел затын көрікті, әрі сымбатты көрсетері хақ. Кез-келген орамалды жарасымды, ыңғайлы етіп әр түрлі үлгіде тағып алуымызға әбден болады. Қазіргі трендке айналған бас немесе мойынға арналған орамалдардың түрлерімен таныс болайық.

Қыз келіншектердің гардеробынан табылатын ажырамас аксессуарлардың 2014-2015 жылы қандай түрі сәнде екен? Қарап отырсаңыз дизайнерлердің топтамасында кездесетін орамалдарды түрлі үлгіде қолдануға болады. Мәселен, белдемше мен шалбардың белдіктеріне,сөмкелерге, мойынға, иыққа, әрине, сондай ақ басқа тағатыны тағы бар.

Осы жылы аң терісінен тігілген орамалдар сәнде. Сонымен қатар, сәнгерлер шыт, түбіт, таза мақтадан дайындалған орамалдарды дайындап көпті таңқалдырып жүргені белгілі. Ашық, гүлді, әр түрлі фигуралар түскен орамалдар да биыл сәнннен түспесі анық.

Ұзын орамалдарды иығыңызға іліп, шәлі ретінде қолдану бүгінде трендке айналғандай. Тіпті, кейбіреулер белдік қыстырып, үстіндегі киімдеріне сәйкес етіп тағуды жөн санайды.

Көптеген нәзік жандыларға орамалдарды дұрыс, әдемі тағу үшін түрлі үлгілерін ұсынып көрдік.

1. Жібек матадан тішілген орамалды мойыныңызға бант түрінде байлап алуға да болады.

2. Егер офистік дресс-код болса, блузкаға сәйкес етіп шағынын тақсаңыз жарасымды көрінетіні сөзсіз.

3.  Орамалды бүктеп, өзіңіз қалаған пішінге келтіріп, кәдімгі ободок ретінде қолдансаңыз да жетіп жатыр.

Қарап отырсаңыз Голливуд жұлдыздары да аксессуар ретінде мойындарынан, кейде бастарынан орамалды тастамайтын көрінеді.

            Ал, сіз орамалды қалай тағасыз?

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий