Темір тұлпарды тізгіндеген темір әйелдердің бес қателігі

Автор: Жанар Мырзабаева
643 0 Не женское дело
Қоғамда көліктің рөлін өзінің ығына көндірген арулар да аз емес. Бірақ, басты қателіктер де жеткілікті. Ендеше, темір тұлпарды тізгіндеген әйелдердің басты бес қателігіне шолу жасайық.

1. Қорқыныш. Рөлді бағындырған көп  нәзік жандылар өздерінің қорқыныштарын көндіре алмайды. Олар жол ережесін бұзған көліктен де, жол полицейлерінен де, тосыннан шыққан тосқауылдардан да шошып отырады. Нәтижесінде, жол апатына душар болуы әбден мүмкін. Сол себепті, екі айдың ішінде іштегі үрейді жоғалту керек.

2. Классикалық қателіктердің бірі: тежегіш бен жылдамдық тетіктерін шатастыруы болып келеді. Әсіресе, күтпеген жерден тосын оқиға болса әйел адамның бойында уайымы мен үрейі жеңіп, лезде екі басқыштарды шатастырып, әбігер болады.

3. Қызығушылықтарының көп болуы да үлкен кедергі. Шектен тыс қызығушылық әйелдің алаңғасарлығына тұрткі болады екен. «Қыздың көзі – қызылда» демекші, әйел адамдар әдемі нәрсеге көздері түссе лезде алаңдап кетеді. Ғалымдар әйел адамдардың бір уақытта бірнеше істі атқарып, бірнеше нәрсені ойлай алатынын дәлелдеген. Алайда, бұл дәлелдің көлік тізгініне еш қатысы жоқ.

4. Темір тұлпарды толықтай, яғни габарит сезіне алмауы. Әйелдер қауымының басым көп бөлігі бұрылыстарды есептеуі өте нашар болып келеді. Бұрылыстарда бұрылатын кезде немесе көлікті тұраққа қоятын кезде бос орынды дұрыс есептей алмауының өзі үлкен кемшілік.

5. Айналармен дұрыс жұмыс жасай алмайды. Көп кезде әйел адамдар тек алдындағы және жанындағы көліктерді көзге іліп, артындағы көліктерге еш назар салмайды.

Р.S.: Бұл барлық темір тұлпарды тізгіндеген нәзік жандылар қателеседі деген сөз емес. Алайда, дәл осы бестікті көптеген қыз-келіншектер қайталайды екен. Сондықтан, қателіктен сақ болып, өзіңіздің де, өзгенің де өміріне үлкен жауапкершілікпен қарағайсыздар. Жолдарыңыз болсын, жолаушылар.

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий