Шопинг кезіндегі қателіктер

#Мода и стиль

Психологтар «Әйел үшін шопинг барлық дерттің шипасы» дейді. Бәлкім, ол да рас шығар?! Дүкенге кірсек, керегімізді іздеудің орнына көзімізге түскенге қызығатынымыз бар. Кейін ол сатып алған киім –кешек, әшекейлер мен өзге де бұйымдар бекер сөрелерімізде сақталып тұратыны тағы бар. Өйткені, біз шопинг кезінде төмендегі қағидаларға аса мән бермейміз.

Шопинг кезіндегі қателіктер

  • Өте көп дүкендерді аралау. Бұл кезде сіз өзіңіздің гардеробыңыздағы қандай киімге қай киімнің сәйкес келетінін ұмытып қаласыз. Сол себепті, қызығушылықтың кесірінен не таңдағаныңызды өзіңізде аңғармай опық жейсіз.
  • Өзіңізге жарасымды стиль мен түске мән бермеу. Киім сөресіндегі түстердің көп болуы емес, өзіңізге үйлесетін түс пен киімнің болуы маңызды. Дүкен араламас бұрын өзіңізге қандай түстің жарасымды екенін мұқият талқылап алыңыз. Сол кезде өзге түстерге көзіңізде түспейді, басыңызда ауырмайды.

  • Өзіңізге жараспайтын, әйтеуір қазіргі сәндегі, трендтегі киімдерді алу да басты қателік. Сәнді киім - ол бәрі киген бір фасон немесе моделде емес, өзіңізге құйып қойғандай жарасатын стиль.
  • Шопингке көңіл-күйіңіз болмаса немесе шаршап тұрсаңыз мүлдем бармаңыз. Себебі, дәл сондай кезде бикештер жарасымсыз киімдерді көңілінің тыныштығы үшін сатып алады. Кейін әрине, ол гардеробта жай киімдердің саны көбейтіп тұрмақ.

  • Жолдасыңызбен немесе жігітіңізбен шопинг жасаймын деу үлкен ағаттық. Ер адамдардың жүйкелері шопингке шыдамайды. Жүйкесі шаршаған азамат міндетті түрде сіздің де көңіл-күйіңізге кері әсерін тигізері анық.
  • Түнде онлайн-шопинг жасау ақымақтық. Ұнаған затыңызға бірден тапсырыс бермей, бір түн ойлануға, сараптауға өз-өзіңізге мүмкіндік беріңіз.
  • Сатушылардан ақыл сұрау да қателік. Егер өзіңізге жарасымды екеніңізге күмәніңіз болса, бірден ол заттан бас тартыңыз. 
#стиль #шопинг #киім #ережелер #қателіктер #қағидалар #дүкен #шопинг ережелері

Загрузка...