Ырымға сенесіз бе?

Автор: aisha007
2407 2 Личное
Біздің ұлтта алуан түрлі ырым-тыйым бар. Ырымдардың кейде өмірімізге кедергі әкелетін тұстары да жетерлік.

Кішкентай кезімізден үлкен кісілер "бос бесікті тербетпе, адамды айналма, керегені керме" деген ырымдарын естіп өстік. Бұл сөздер миымызға мәңгіге жазылып қалды. Бірақ олай істесек не болады деген сауал да жоқ емес. Үрейлі-қорқынышты жазатайым боп қалатын секілді. Апаларымыз ырыммен бірге бізге осы түсініксіз қорқыныш сезімін де сыйлап кетті. Кейде осы ырымдарды орындамасақ,  бір жамандық болатынын алдын ала жоспарлы түрде күтеміз. Өйткені біздің санамызда"болмайды, жаман болады" деген ақылдар сайрап тұр. Жалпы осы ырымдардың не қажеті бар, онсыз да қорықпай өмір сүруге болады ғой. Біз келешек ұрпағымызға қорқыныш сезімін не үшін сыйлау керекпіз деп ойлаймын. Оларды қайткенде еркін, елінің саналы азаматы етіп өсіру жоспары тұрғанда, ырым-сеніммен санасын улап алмаймыз ба деп қорқамын. Өз басым анамның түнде тырнағыңды алма дегенін елемеймін. Түнде аламын, себебі күндіз жұмыстамын, қолым босамайды деген сылтауым бар. Мен оған сенбеймін және ешбір жамандықты да күтпеймін.

Біз білетін ырымдарға тоқталсақ:

1) Балаға ми жеуге болмайды - мидай былжыр, ынжық болады. Жас балаға бұғана қабырғасын бермеген - бойы өспей қалады деп ырымдаған. Омыртқаның жұлынын жегізбеген - суға келіп қалады деген жаман ырым бар. Қойды аттама - ол киелі мал. Меккеге барған.

2) Бос бесікті тербетпе - балалы болмайсың деген жаман ырым бар. Қазанның, ыдыстың түбін тырнақпен қыруға болмайды - төрт түліктің желініне шығу шығады. Ыдыстағы суға аузыңды малма - себебі сол ыдыстағы су арам болады. Ыдысты еңкейтіп ішу керек деп тазалықты талап еткен.
3) Қамшыны бейсауат қамшылама - мал шетінейді. Малдың желінген басын түнде лақтырма - түнде далаға лақтырса малдың ырысы кетеді деп ырымдайды.
4) Бетіңді баспа - қайғылы адам берін басады.

5) Мойныңа белбеу салма - буыншақ ауруына ұшырайсың. Тұзды баспа - астың иманы, төресі деп киелі санады. Отқа түкірме - сол үйдің оты сөнсін, иесіз қалсын деген мағынада жаман ырымға жориды.
6) Жатқан кісіні аттама - талай киелі, қасиетті адамдар болған олар кеселге, бақытсыздыққа ұшырайды деп тыйым салған. Бақан, құрын аттама. Бақанмен шаңырақ көтереді, құрықпен жылқыны ұстайды.
Бақан үйдің тірегі болғандықтан, ал құрық тіршіліктегі құрал.

Құрметті оқырман, сіз ырымға сенесіз бе?

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 2
AraiS

сенбеймін, сенгім келмейді! Бірақ кейбір тыйымдар әдептілікпен байланысты сияқты, мысалы, жатқан кісіні аттамау, кісіні айналмау деген. Мүмкін, балаларына сөз өтпеген соң, осындай ырымдарды шығарған шығар?)

Atyrau

Тунде тамактарын ашык калдырма - шайтан устуне сиеды - ол ырым тазалыкка уйренген. Тамак калдырсан - Тулki Кумырска келед.

Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий