Махаббатың қанша түрге бөлінетіндігін білесіз бе?

Автор: Aysulu
2164 0 Личное
Махаббат ғажайып сезім! Ғашық болған кезде ешнәрсені талдамаймыз. Дегенмен, психологтар барлығын сараптап, бөлуге құмар. Сонымен, махаббатың 6 түрі бар екен.

Эрос – махаббат-құмарлық, мұнда ғашықтар сүйіктісін күні-түні ойлап, ғашықтық дертімен өртенеді.

Людус – махаббат-қылымсу: көңілді,ойын секілді, жеңіл өтеді. Негізінде бұл махаббат емес, махаббат ойыны десе болады. Мұнда бірнешеуімен бір уақытта көңіл көтеруге болады.

Сторге – рухани махаббат,махаббат-достық. Бұл ұзақ жылғы достықтан пайда болады, жұптарды көп нәрсе біріктіреді: қызығушылықтар, әлеуметтік жағдай, тағысын тағы. Құмарлық болса да, көбінесе, рухани бауыр басушылық туындайды.

Прагма – есеппен құрылған махаббат: бай шал әдемі жас әйел алады. Екеуі де мақсатын және оған қандай құн төлейтінін жақсы біледі: алдымен ақша  сезім содан кейін.

Мания – жұмақ пен тозақтай романтикалық махаббат (тозақ – сүйіктісі қасында болмаса, жұмақ – ол қасында болса), керемет қызғаныш пен құмарлық орын алған. Бұл махаббат-еліктірме, ол адамды ақылынан адастырады.

Агапе – альтуристік махаббат. Ғашықтар сүйіктісінің қызығушылығымен өмір сүреді. Қарым-қатынас жиі құрбандыққа барудан құралған: «Сен бақытты болсаң маған жеткілікті, мен барлығын жасауға әзірмін!»

Әйелдер мен еркектер махаббатқа әртүрлі қарайды. Ер адамдар эрос пен людусқа жақын, оларды төсек қатынасы және қылмыңдау қызықтырады, ал әйелдер сторге мен прагмаға жақын. Махаббаттан екеуі бідей бір нәрсе қалаған жағдайда ғана қарым-қатынастары берік болады. Егер біреуі үшін тек төсек қатынасы маңызды болып, ал екіншісі рухани жақындықты қаласа, онда ортақ келісім мен үйлесімге келу қиын-ау... 

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий