-->

Он минутта тез әрі әдемі бояну тәсілі

#Красота

«Әлемде сұлу емес әйел болмайды. Жалқау әйелдер болады» деген Софи Лореннің сөзі бүгінгі сұлулық әлемінің ұраны секілді. Әдемі бояну үшін бастысы қажетті косметикаларыңызды түгендеп, күнде айна алдында кемінде 15-20 минут уақытыңызды бөліп, қол жаттықтырсу қажет. Небәрі бір аптаның ішінде сөзсіз керемет нәтижеге ие боласыз.

Он минутта тез әрі әдемі бояну тәсілі

Айгерім Алдабергенова

визажист

Бәріміз де бала кезімізде анамыздан, жасы үлкен әпкелерімізден жасырып ерінімізді бояп, айна алдында тамсанып тұратын едік. Яғни, кез-келген нәзік жанды арулар опа-далаптар туралы жетік біледі. Тек қолдану және терісіне қажетті түрін таңдауда жалыспаса болғаны.

  • Опа-далаптарды қолданбас бұрын бетімізді жууға арналған құрал арқылы мұқият жуып, тазалаған абзал. Сол кезде бетімізге жаққан декоративті косметикалар тегіс жағылып, ұзақ сақталатын болады.
  • Балаларға арналған немесе өзіңіздің теріңізге сай күндізгі кремді жағып, 2-3 минут бетіңізге сіңіп кетуге мүмкіндік беріңіз.
  • Тональды кремдерді тері түсінен бір түске қою болу керек. дүкенге барған кезде тональды кремді қолға емес, бетіңізге жағып көрген жөн.
  • Егер көзіңіздің астында ісік немесе солғын дақтар болса, консилер қолдануға болады. Алайда, бұл аса маңызды емес.
  • Беттің жақ сүйектерін көрсетуүшін контурды қолданамыз. Бұл визуалды түрде бетті арық етіп көрсетуге үлкен мүмкіндік.
  • Хайлайтер –бұл бетке әр беріп, жылтыратып әрі кейбір әжімдерді жасыруға таптырмас косметика.
  • Кезек көз бояуларына келді. Өзіңізге ұнаған түстердің ішінен үшеуін таңдаңыз. Олардың ең қоюуын көздің шетіне, ал ең ашығын көздің алдыңғы бөлігіне жағу керек. Ең бастысы, түстердің бір-біріне ауысуы кезінде еш білінбей кету қажет. Ол үшін визаж әлемінде растушевка деген термин қолданылады.
  • Және қасыңызды да жөндеп бояуды ұмытпаңыз. Өзіңіздің қасыңыздың формасы бойынша жеңіл бояп, «растушевка» жасасаңыз нұр үстіне нұр болады.
  • Ең соңында еріңізге далап жақсаңыз, хас сұлу болып шыға келесіз.

P.S.: Бояну процесінде анық қою түстерді не көзіңізге, не ерініңізге таңдаған жөн болады. Көз бен ерінді қатар анық етіп бояу үлкен қателік екенін ұмытпағайсыз.

#макияж #косметика #визаж #өз-өзіңді бояу #боянып үйрену

Загрузка...