Жуырда бізді қандай телехикаялар күтіп тұр?

Автор: Aina Dosmakhambet
2147 0 Кино, книги, музыка
Қазақстан кино индустриясы қарқынды қадаммен алға басып келеді. Тіпті девальвацияны да елемейді! Елімізде ай сайын жаңа телехикаялар мен кинолар түсіліп, көпшіліктің назарына ұсынылуда. Сomode редакциясы жақын арада шығатын ең үздік телехикаяларға шолу жасады.

Махаббатым жүрегімде 2 (Хабар)

Қарапайым отбасынан шыққан Кәмшат есімді қыз бен бай отбасының Дастан есімді ұлының арасындағы махаббат.

Басты рөлдерде: Гүлнәз Жоланова, Тәуекел Мүслім, Жанар Дұғалова, Кәмшат Жолдыбаева, Дастан Оразбеков, Ақберген Жұмабаев, Баян Есентаева және т.б.

Қызықты ақпарат: телехиканың бірінші бөлімін түсірген режиссер Асқар Ұзабаев екінші бөліңмінің  сценаристы болды.

Семейные тайны (НТК)

Телехикая сюжеты қатаң құпия түрінде сақталуда.

Басты рөлдерде:  Ғазиза Әбдінәбиева, Бахытжан Әлпейісов («Перекресток»), Айнур Бабаева (Дауыс Internstional), Бауыржан Сатов және т.б.

Қызықты ақпарат: Ресейде 2001 жылы осы атаумен, яғни  «Семейные тайны» телехикаясы көрсетілген болатын. Құпияда сақталып тұрған сюжет ресейлік 23 сериялық телехикаядан қызықтырақ болады деп үміттенеміз. Айтпақшы, телехикаяның аты әлі белгісіз. «Құпиялы жанұя» деген уақытша атаумен түсіріліп жатыр.

Ауылдастар (НТК)

Айбек есімді қалалық жігіт әскерге бірнеше шақыру келген соң, әскерден қашып ауылдағы туысқандарының үйіне барып тығылады. Бірақ ауылдағы өмірі әскерден де қиын болып түседі. Оның немен біткенін телехикаядан біле аласыздар.

Басты рөлдерде: Олжас Нұрбаев, Марат Достаев, Арайлым Нұрғожа, Анарбай Еділ, Дмитрий Қырықбаев, Айдана (Ayumi тобы) және т.б.

Қызықты ақпарат: түсірілім тобы Алматының маңайындығы Маловодный ауылының қасындағы Қазақстан деген ауылда жатыр.  Сериал продюсері дінге жақын болғандықтан түсірілім тобындағы қыздар мен ұлдарды бөлек үйге орналастырады.

Көршілер (Хабар)

2020 тұрғын үй бағдарламасы бойынша бес отбасы жаңа пәтердің иесі атанады.  Жаңадан көшіп келген көршелір ескі әдеттерін тастамаған.  Көршілер арасындағы қарым-қатынас қызыққа толы. Ұлты орыс болса да өздерін қазақпыз санайтын Гусевтер отбасы көрерменнің көңілінен шығуы тиіс.

Басты рөлдерде: Жандарбек Садырбаев, Айқын Төлепбергер, Юрий Копнов, Қуаныш Дургалин, Дархан Даиров, Төлепберген Байсақалов.

Қызықты ақпарат: Сценарийді алматылық жас жігіттер жазды. Көңілді тапқырлар клубында көзге түсіп жүрген жастардың бұл алғашқы үлкен жобасы.

Газовики (31 арна)

Телехикая қала сыртында газ құбырын тартып жүрген адамдардың тұрмысын бейнелейді. 27 серия 27 қызықты оқиғаға толы болады. Бұл жобаның атауы да уақытша "Газовики" деп аталады. Қай атаумен көрермендер назарына ұсынылатыны әлі белгісіз.

Басты рөлдерде: Раушан Ермағамбетова, Дастан Қасымшал, Ашим Ахметов, Мерей Маханов, Дархан Даирбеков, Бахтияр Байсерік, т.б.

Таңдау (Қазақстан)

Жас өнертапқыштар ерекше медициналық құрылғы ойлап табады. Ерекшелігі сол, құрылғы адамның кез-келген сырқатын 30 секундта анықтап, диагноз қойып береді. Мұндай ерекше құрылғыны өндіріске қойып, қолданысқа енгізу үшін инвесторлар іздейді. Бұрын-соңды медицина саласына тұмсығын сұқпаған бизнесмен жас ғалымдарды қолдауға келісімін береді. Осы серіктестіктің немен аяқталатынан ұлттық арнадан көресіздер.

Басты рөлдерде: Мансұр Серіков, Есләм Нұртазин («Сүрбойдақ»), Әшім Ахметов, Бахтияр Байсерік.

Қызықты ақпарат: түсірілім барысында Есләм пневмония ауруымен ауырып қалды. Сол себептен түсірілімді қайта-қайта жылжытуға тура келді.

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий