Қазақстан кинематографындағы көруге кеңес берілетін 10 фильм!

Автор: Aida_AE
5046 8 Кино, книги, музыка
Берілген тізімде қазақ кинематографының тарихындағы ең көрнекті фильмдер көрсетілген. Қазақ кино тарихымен танысу үшін бұларды әрбір қазақстандық көруге тиіс деп ойлаймын.

"Менің атым Қожа" 

1963 ж.

Абдолла Қарсақбаевтың білімқұмар және тентек бала туралы көркемжұмысы отбасымен міндетті түрде көру керек фильмдерінің бірі. Балалық шақтың асыл сәттеріне толы бұл әңгімеде бәріміз Қожаның кылықтарынан өзімізді танимыз.

"Атамекен"

1966 ж. режиссер Шәкен Айманов

Ұлы Отан соғысынан кейін бір жыл өткен мезетте, басты кейіпкер мен оның немересі ауылынан шығып алыстағы Ленинградқа сапар шегеді. Жолында олар өмірлік қиындықтар мен елдің байтақ жерімен танысады.

"Қыз-Жібек" 

1971 ж. режиссер Сұлтан Хожықов

Аңызға айналғын екі жас ғашық - Төлеген мен Жібектің бір-біріне деген махаббаты әр қайсысымыздың жүрегімізден орын тапқан. Әсіресе, екі жасты сомдаған актерлердің шын өмірде де жалғасқан ыстық сезімі бізді әлі күнге дейін қайран қалдырады.

"Алпамыс мектепке барады"

1976 ж.

Абдолла Қарсақбаевтың тағы бір кішкентай бала көзімен көрсетілген жұмысы. Кеңес заманындағы тәлім-тәрбие, білім және оқу, қарапайым ауыл өмірі мен баланың оқуға деген құштарлығы бұл фильмде керемет бейнеленген.

"Адамдар арасындағы бөлтірік"

Талғат Теменов

Басты кейіпкер, кішкентай Самат орманнан анасын аңшы атып алған бөлтірікті тауып алып, оны өзінің үйінде жасырып, бауыр басады. Кинофильмде біз бала мен аң арасындағы достық сезімінің беріктігіне куә боламыз.

"Жас аккордеоншының өмірбаяны"

реж. Сатыбалды Нарынбетов

Бұл фильм жас баланың өмірдегі қиын тұрмыспен және алғашқы махаббат сезімдерімен танысуы туралы әнгімелейді. Қиын заман кезінде бала өзіне серік етіп аккордеонды алады.

"Рэкетир"

2007 ж. Режиссер Ақан Сатаев

Көркемфильм жас жігіт Саянның атынан оның 90-жылдардағы дағдарыс кезеңіндегі Алма-Атыдағы өмірі туралы баяндайды.

"Сталинға сыйлық

2008 ж. режиссер Рустем Абдрашев

Фильм Сталинның 70 жылдығының қарсаңындағы Қазақстанда орын алады. Аталмыш туынды Саша есімді жебірей баласы туралы. Атасымен бірге Қазақстанға келе жатқан вагон аударылып, кішкентай бүлдіршінді Қасым атты жесір шал өлімнен құтқарып, асырап алады.

"Заблудившийся"

2009 ж.

Заманауи режиссер Ақан Сатаевтың бұл көркемфильмі жапанда адасып, ондағы тылсым дүниелер мен басты кейіпкердің өзін-өзі жоғалтуы туралы. 

"Сіз кімсіз, Ка мырза?"

2009 ж. режиссер Қуат Ахметов

Қазақстандағы боевик жанрындағы алғашқы фильмдерінің бірі. Аталмыш көркемфильм жас жігіт пен қарияның пойыздағы сапары туралы әңгімелейді.

Фото: Саида Таукелева

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 8
kunsulu-ibraeva

Жақсы фильмдер! мен әлі бәрін көрмедім, бірақ көремін деп ойлаймын

Shyn

Қымбатты автор, бұл Сіздің жеке пікіріңіз ба, әлде бекітілген қаулы ма? Заңға қайшы келмесе, айтайын, әр кино өмірден түңілдірмей, көрушіні шалқасынан түсірмесе етті. Атаған кинолардан мен тек Қожа, Алпамыс, Жібек, Баян яғни Атамекен фильмдерін көруге ұсынар едім. Қалғандарынан кейін миың айналып, тіпті өмір сүргің келмей кетеді ау)))) Қосар болсам, Тақиялы періште, Балалық шақтың кермек дәмі, Гаухартас, Бандыны қуған Хамит, айта берсек көп қой, қазақтан өнер артылыпп па? А если хотите породить и оставить в душе смотрящего фильм тоску и безысходность, то Көксерек. Эта история великого предательства не оставит никого равнодушным.

Aida_AE

Құрметті оқырман, алдымен комментарийіңізге рахмет!
Тізімді құруға маған кино тарихын зерттеуші студенттер көмектесті, себебі мен мұнда тек қана өз пікірімді айтсам, ол жөнсіз болар еді.
Сонымен қатар, тізімде берілген фильмдер Қазақстан киносының дамуымен, яғни XX ғасырдың басынан бүгінгі күнге дейінгілерді қоса алғанда сізге көруге лайық деп таңдалғандар. Әйтпесе, мен өзім таңдағанда, тізімде тек қана Шәкен Аймановтың фильмдері болар еді.=)
Әрине, кейбір фильмдер қабылдауға не көруге өте ауыр болуы мүмкін, бірақ та әр қайсысында ойға түйер идеясы бар деген ойдамын ;)
Өтіп кеткен мейрамыңызбен!

4inara

подписываюсь под каждым словом, такиялы периште до сих пор иногда смотрим, ностальгия

Shyn

Қымбатты автор, келекеңізге рахмет, Сізді де өткен-кеткен мейрамдарыңызбен құтықтаймын. Дардай Комодқа студенттер пікірін өткізіп жүрсе жағдай түсінікті. Фильмдер мәселесіне келсек, елді шалқасынан түсірген Келін фильмін де айтуға болады. Барлық хиқаяны бір ауыз сөзсіз жеткізген ерекше фильм.

Aida_AE

Менің ойымша, олар, студенттер, жай ғана ерігіп жүргендер емес, ал осы киноны әр жағынан күнделікті қарастырып, зерттейтіндер. Сондықтан да, бізден көбірек біледі деп сенемін.
Әрине, айтып отырғаныңыздың жөні бар, бірақ та әр адамға қай киноны қарау керек талғамы өздерінде. Бұл тізімнің жасалу себебі де хабарсыз адамдарды таныстырып, оларға қазақ киносында түрлі-түрлі кинолардың бар екенін көрсету. Бірақ та, айтқаныңыздың бәрін түйіп алдым. Көп-көп рахмет!

Айдар

Егер қазақ киноларының ішінен осы фильмдерді көруді ұсынамыз десе келісер едім. Бірақ көпшілікке ұсынар алдында кино саласына еңбегі сіңген ағаларымызбен кеңескен де дұрыс болар еді. Себебі, бұл жерде қазақ киносының тарихы туралы айтылған екен. Қазақ кино тарихы соншалықты бай болмаса да Жаушы, Батыр Баян, Амангелді, Шоқан, Тақиялы періште, Махаббат бекеті, Балкон, Адамдар арасындағы бөлтірік, Девушка жигит, Көксерек, Жамбылдын жастық шағы, Шәкәрім, Бандыны қуған Хамит, Сүйрік деген қыз бала ойнайтын фильмдерден бастап бертін шыққан Жетімдер т. б. көптеген фильмдер бар. Осылардың әрқайсысы халықтың жүрегінен орын алған. Атаманның ақырын да баршамыз білеміз. Ал Сіз кімсіз К мырзаның сол фильмнің жалғасы екенін көпшілігіміз біле бермейміз. Бұл мәліметті Асанәлі ағамыздың өз аузынан естідім. Және алдағы уақытта жалғасып қалуы да ғажап емес екенін айтып еді. Осы жерде Атаманның ақырын сырып қойып К мырзаны алға шығаруы мүлде келіспейді. Сондықтан саралап, ақылдасып, халық арасында сауалнама жүргізіп барып шығарудың еш айыбы жоқ деп ойлаймын.

Shyn

Айдар, айтқаныңыздың барлығы өте дұрыс, бірақ... бекер айттыңыз ау, енді сіздің де пікіріңіз үшін қымбатты авторымыз бетіңізден ала жөнелетін болды ғой.

Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий