Әншілер таңдайтын фотографтар еңбекақысы қанша?

Автор: Жанар Мырзабаева
702 0 Искусство
Қазір фотографтардың науқаны болып тұр. Өйткені, барлық адам әлеуметтік желілерге сапалы фотосуреттер жүктеуге әуес. Ал, ондай әдемі фотосуреттерді тек фотограф мырзалар мен ханымдардың жасай алатыны ақиқат. Ендеше, бүгін сондай азаматтардың тізіміне жол бердік.

Исатай Жекежанов

Instagram: @isatayzhekezhanov

Фотограф мамандығын қашан және қалай үйрендіңіз? Бұл саланы нақты мамандық деп айта алмаймын. Хоббиім десем дұрыс болар. Ең алғаш рет ұялы телефонның фотоаппараты арқылы әдемі суреттер жасап үйрендім. Менің талпынысымды көрген фотограф ағам өзінің қасына Талдықорғанға шақырды. Сол жерде біраз тәжірбие жинадым.

Әдемі кадр үшін фотографтың тәжірбиесі де, модельдің икемді болуы да, жарық та бәрі маңызды. Әдемі фотосурет үшін қымбат фотоаппарат керек деген ұғым қате. Ең бастысы, әр нәрсені өзіңіз қалай көрсеңіз, солай адамдарға жеткізу керек. Әр фотографтың жұмыс жасау әрекеті әртүрлі болады ғой. Егер фотосессиядан маған кемінде бір фото ұнаса, яғни,процесс жақсы өтті деген сөз. Ешқашан бір фотосессиядан бірнеше фотосурет ұнаған кез менде болған емес.

Әртүрлі тәжірбие жасау үшін өнер адамдары ойланбастан келіседі. Ал, қарапайым жандар көп кезде қорқақтайды. Оның үстіне эксперт жасау үшін біраз қаржы қажет. 

Тұтынушылардың (клиенттің)  тілін табу оңай ма? Адамдардың бәрі бірдей емес. Қанша адам болса, сонша ой-пікір, көзқарас, талғам болады. Әрине, жаман клиенттер кездеседі деп айтудан аулақпын. Бірақ, кей адамдар көңіл-күйсіз келеді. Сол кезде қызықты әзіл айтып, ортақ тіл табысуға тырысамын.

Орташа баға 40 000 теңгеден басталады. Оның ішінде студия, макияж, фотосуреттерді тазалау секілді жұмыстар кіреді

Арманым бүкіл әлемді аралап, кәсіби модельдерді фотосуретке түсіру.

Архат Сарс

Instagram: @a_sars

Фотограф мамандығын қашан және қалай үйрендіңіз? Ең алғашқы қызығушылық Новосибирск қаласында физика-математика саласында оқып жүрген кезде басталды. Сол кезде кураторымыз қала бойынша экскурсия ұйымдастырып, өзіме ұнаған кадрларды түсіре бастадым. Кейін Қазақстанға оралған соң кәсіби кірісе бастадым. Отандық модель қыздарды суретке түсіріп,тәжірбиемді дамыта түстім.

Тұтынушылардың (клиенттің)  тілін табу оңай ма? Ортақ тіл табысу қиын емес. Бастысы,ол кісілердің талғамы мен талабын анықтап біліп алу керек.

Әртүрлі тәжірбие жасау мүмкіндігі көп кезде жарнамалық фотосуреттер кезінде немесе журнал,сайтқа арналған фотосуреттер кезінде болады. Яғни, шығармашылық адамдарға арналған жұмыстарымыздың кезінде көп эксперимент жасай аламыз. Әйтпесе, басым көпшілік қарапайым тұтынушылар келісе бермейді.

Орташа бағаға келер болсақ, нақты мынадай деп айтқым келмейді. Келген тұтынушылардың қалталарына да, образдарына да, ниеттеріне де қараймын. Коммерциялық құпия болып қалғаны дұрыс.

Арманым деп емес, мақсат-жоспарым бар деген дұрыс болар. Тек олардың орындалуы үшін кемінде бір жылдан астам уақыт керек. Олардың бірі де бірегейі жарнамалық роликтерді түсіруге арналған жеке команда құрсам деймін. Астана қаласында толық жабдықталған стулия ашуда жоспарда бар.  


Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий