Жөндеу жұмыстарынының шығынын қалай азайтуға болады

#Интерьер

Жаз мезгілі бітсе де, көптеген адамдардың үйіндегі жөндеу жұмыстары біткен жоқ. Доллардың күрт өсуі бұл жағдайды одан да бетер тежеген сияқты. Себебі көптеген құрылыс жабықтарын сатушылар тауарлардың бағасын бірден көтеріп жіберді. Жұмысшылар да қалыспай, жұмыс ақысын көбірек сұрауда. Бұндай кезде артық шығынға батпау үішін Comode редакциясы сіздерге кезекті пайдалы кеңестерді ұсынуда.

Жөндеу жұмыстарынының 
шығынын қалай азайтуға болады

1. Дайын жоба - сәттіліктің кепілі.

Үйіңізде жөндеу жұмыстарын бастамай тұрып, нәтижесін 100% дайын жоба ретінде тағайындаңыз. Қай жерден электр қуатын шығарып, қай жерге қосымша сөре қоятынын алдын ала білсеңіз, жөндеу жұмыстары барысында кенеттен дайын нәрсені өзгертпей,  қаржыны үнемдейсіз. Дайын жоба толық сметаны санауға да көмектеседі.

2. Қымбат кафель – тек көрінетін жерде.

Жуынатын ваннаның астына, ас үйдегі тоңазытқыштың не болмаса қозғалмайтын жихаздың артына қымбат кафель салмаса да болады. Түсі мен түрі негізгі әдемі кафельге келетіні қыш тақталарды таңдасаңыз жеткілікті. Не бары 2 шаршы метрді үнемдесеңіз де, оған кететін жұмыс күшіне төлететін ақыны қосқанда қомақы қаржы шығуы мүмкін.

3. Тұсқағаздар үйлесімділігі

Қазіргі кезде бөлменің қабырғаларын бір-біріне үйлесімді екі немесе үш түрлі тұсқағаздармен жабыстыру техникасы жиі пайдаланылады. Сондай тұсқағаздарының тек негізгісі (мысалы, төсектің бас жағындағы қабырғаға жабыстырылатыны) қымбат болып, қосымшаларын арзан бағалы болса да болады. Ал қалың тұсқағаздар қабырғаның тегіс емес екенін жасыруға көмектеседі.

4. Ламинат және қалың линолеум– ұтымды альтернатива

Еденді жабдықтаудың ең жақсы түрі, әрине - паркет. Бірақ, паркет толықтай тегіс еденді талап етеді. Еденді тегістеу – ең қымбат жұмыстардың бірі. Сол себептен, паркеттың орныны ламинат не болмаса қалың линолеум жайсаңыз болады. Олар енденнің 100% тегіс болуын қажет етпейді.

5. Отандық өнімдерге көңіл бөліңіз

Көп жағдайда біз бірден шетел тауарларына қарай жүгіреміз. Отандық өнімдердің арасында да сапалы тауарлар мен жабдықтарды табуға болады. Ал олардың бағасы 2,5 есе төмен болуы мүмкін.

6. Өзіңіз жасай алатын жұмысардан бас тартпаңыз

Ескі тұсқағаздарды жұлып тастау, ескі кафельден қабырғаны босату, еденен линоулеумды алып тастау сияқты жұмыстарды өзіңіз жасасаңыз да болады. 4 бөлмелі үйдің тұсқағазын алып тастау үшін жұмысшылар шамамен 50 000 теңге сұрайды. Ол ақшаға бір жихаз жасатуға болады.

7. Артық нәрсе алмаңыз

Керек шығынды қаншалықты дұрыс санасақ та, көп жағдайда «жетпей қаласа ше?» денег темір аргумент бізді үш артық бума тұсқағаз, екі артық қап цемент алуға мәжбүр қылады. Сөйтіп, жөндеу жұмыстары біткен кезде, үйімізде шығын дүкен ашуға боларлықтай құрылыс жабдықтары артылып жатады. Керекті мөлшерін сатып алып алсаңыз, ол әбден жетуі мүмкін. Екіншіден, артық ақша шығарсаймыз.

8. Ескі нәрселердің екінші өмірі

Үйдегі жылу батареяларын, немесе есіктерді ауыстырмас бұрын, оларды реставрация жасау мүмкіндігін ойластырыңыз. Бұл әлдеқайдай аз ақшаны талап етеді.

9. Тапсырыспен жасалған жихаз

Жихаз сататын дүкендер девальвация мен кризистың не екенін білметін бөлек әлемде тұратыны көрінеді. Бағалары удай қымбат, ал дизайнер түс үйлесімділіктің не екенін білмейтін сияқты. Жақсы маман тауып жихазды тапсырысқа жасатсаңыз, әлдеқайда аз ақша шығарасыз.

10. Ақ түске ақ жол

Таңдаған пердеңіз, сатып алған жихазыңыз үйдің түсіне сай келмеді деп көп нәрсені ауыстырып жататынымызды кейде өзіміз байқамаймыз. Ал әрбір сатып алынып жатқан нәрсе – қосымша қаражат. Бұл жерде ең ұтымды шешім – қабырғаларға ақ түс таңдаңыз. Ақ түс кез-келген түспен жарасымды. Қандай түсті перед алсаңыз да, оны ауыстыру қажеттілігі тумайды. Әрі ақ түс бөлмелерді кең етіп көрсетеді.

#ремонт #жөндеу жұмыстары

Загрузка...