Жастықты таңдай білеміз бе?

watches 6283

Артық болмас білгенге

Жақсы тынығу үшін омыртқаларыңыз қисаймай түзу жату керек. Әрине, әркім әрқалай жатқанды ұнатады және әртүрлі қалыңдықтағы көрпе жамылады. Ұйқыңыз жайлы болуы үшін бірнеше кеңестерге құлақ түріңіз:

1. Жастығыңыз жұмсақ емес, орташа болуы керек. Қауырсыны тым көп жастықтар жайсыз. Тегіс немесе ортопедиялық жастықты таңдасаңыз өкінбейсіз.

2. Синтетикалық жастықтарды жиі жууға болады. Ал, табиғи жастықтар жылына 2-3 рет қана жуылады. Егер аллергияңыз болса  синтетикалық жастықты таңдаңыз.

3. Жастықты басыңызға  ғана емес мойныңызға да салу керек.

4. Домалақ немесе ұзынша жастықтардан гөрі төртбұрышты пішінді жастық әлдеқайда ыңғайлы.

5. Жастықсыз ұйықтауға болмайды. Бұлай істесеңіз омыртқа мен мойын бұлшық еттері қысылып қалады.


Сіз қалай ұйықтағанды ұнатасыз?

Жастық таңдауда сіздің қалай ұйықтайтыныңызды біліп алған жөн. Қалай ұйықтасаңыз да мойын сүйегі түзу жатуы тиіс.

Арқада ұйықтасаңыз

●  Мұндайда жастық орташа қаттылықта болуы тиіс және тым жоғары болмауы керек.

Бір қырыңызбен ұйықтасаңыз

●  Қатты және биік жастықты таңдаңыз.

Ішпен жатып ұйықтасаңыз

●  Кішігірім, жұмсақ жастықты сатып алыңыз. Мұндайда тым жұқа жастықта ұйықтауға  болмайды.

Қатты немесе жұмсақ матрас

● Егер матрасыңыз жұмсақ болса, жастық биік болсын.

● Егер матрасыңыз қатты болса,  биік жастықты таңдаудың қажеті жоқ. 

Жастық күтімі

Ұзақ пайдаланған жастықтар пішінін жоғалта бастайды. Сондықтан егер жастығыңыз сапалы болса  –  үйде, ал, нашарлау болса химиялық тазалау орталығында тазартқаныңыз жөн болады. 

•          Жастықты аптасына бір рет таза ауаға жығарып, желдетіп тұрыңыз. Қауырсын жастықтарды жылына 1-2 рет күннің көзіне ұстап, кептіріп алған дұрыс. Өйткені, олар ылғалды өзіне сіңіріп алады. Егер ескі жастығыңызда иіс немесе көгерген дақтар пайда болса, міндетті түрде жаңасына ауыстырмаңыз. Мұндай жастық денсаулыққа зиян.

•          Жуу. Синтетикалық жастықтар жылына 2-3 рет жуылады. 50°С темпертураны таңдап, кір жуғыш машинаға салыңыз. Қауырсын жастықты залалсыздандыру үшін химиялық тазартуға апарғаныңыз дұрыс.


Загрузка...

© 2020, Comode.kz. Женский информационно-развлекательный портал.