Жаңа жылда үйді қалай безендіресіз?

Автор: aisha007
6390 0 Интерьер
Жыл сайын Жаңа жылды асыға күтетініміз жасырын емес.

Жаңа жылда үйді әркім өз талғамымен безендіріп жатады. Біреуіміз 1-2 метр шыршаны іздесек, енді біріміз кішісіне де мәз боламыз.Өз басым былтыр  жасанды кішкентай шыршаны сатып алдым. Соған қарап алуан түрлі қызылды-жасылды ойыншықтар алып безендірдім. Жарқ-жұрқ ететін шамдар көздің жауын алады! Жаңа туған балам шыршаны көріп өзінше мәз болды. Биыл енді шыршаны биігірек жерге қою керек. Жалпы осы шырша безендіруді ересектермен қатар балалар да қолға алса болады. Үйді безендірерде отбасының барлық мүшелерін шақырыңыздар. Осылайша уақыттарыңызды қызықты да көңілді өткізесіздер. 

Ең алдымен Жаңа жылға дайындық шыршадан басталады. Шыршаға ойыншық, гирлянда тағыңыз.  Шыршаға арналған ойыншықтарды балаларыңызбен бірге таңдаңыздар. Түрлі түсті қағаздан қолдан гирлянда жасаңыздар.   

Жаңа жылдық безендірішу жинақтар үйді жақсы безендіреді.

Батыста жаңа жылдық шұлықтармен үйде пештің алдын безендіріп қоятын үрдісін қайталауға болады.    Бұл шұлықтардың дайынын алып бүлдіршіндеріңіздің аттарын жазыңыз.   Үйіңізде камин болмаса бөлменің кез келген жеріне іліп қойыңыз.  Ең бастысы Жаңа жыл кешінде балаларыңызға арнап сыйлықтарды шұлықтың ішіне салуды естен шығармаңыз.

Жаңа жылдық безендіруді шындап қолға алсаңыз, терезеге ою өрнек салыңыз. Терезеге шырша, қар іспеттес ою-өрнектер, Аяз ата салуға болады. Ватман қағазынан дайын қырқып алуға болатын ою-қрнектер де табылады. Ол қағазды гуашь пен акварель бояумен бояңыз.  

Жаңа жылдық кеште үйіңізге шам жағыңыз.   Хош иісті цитрус, ваниль дәмдеуіштер ібар шам жақсаңыз мерекелік кешіңіздің сәні кіреді.Ұзын шам жаққыңыз келсе, шамды жаңғақ, жеміс немесе шырша ойыншықтарымен безендіріңіз. 

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий