Перде жуу оп-оңай!

Автор: aisha007
4588 2 Интерьер
Кір мен шаң басқан перделерді оңай жуу амал - тәсілдері

Сарғайған пердені ағартамыз

Қазіргі перденің көбісі нейлон, мақталы матадан, полиэстерден тігіледі. Сондықтан, оны автомат машинасында жуып, барабанында кептіруге болады. Сары дақтар кету үшін пердені жумас бұрын тұзды суға салып қойыңыз. Пердені жылы суда жуыңыз. Перде жуылып болған соң машина ішінде 15 минут кептіріп, бірден іліңіз. Үтіктеудің қажеті жоқ.

Шаң-тозаң басқан ламбрекендерді тазалау

Егер ламбрекен жүннен, жібектен немесе дестелген матадан тоқылса химиялық тазалауға беріңіз. Алайда, матасы қатты, керегеге қағылған ламбрекенді алып түсіру оңай емес. Перденің еш жерін бұзбай шешіп беретін маман шақыртып, химиялық тазалауға берген дұрыс. Ақшаңызды аясаңыз, жеңіл баспалдақ пен шаң сорғышты қолға алып та тазалауға болады. Әуелі шаң көп жиналатын карниздың жоғарғы жағын тазалаудан бастаңыз. Ламбрекеннің сыртқы жағымен қатар ішкі жағы да назардан тыс қалмасын. Бір қолмен матасын ұстап тұрып шаңсорғышпен перденің қабаттары мен бүрмеленген тұстарын мұқият тазалау керек. Егер перденің тазалығы көңіліңізден шықпаса, бу үтігімен үстінен тағы бір жүргізіп өтіңіз.

Пердедегі дақтар

Перденің дақтарын кетірмес бұрын шаңсорғышқа арнайы саптама кигізіп, бір тазалап шыққан дұрыс. Жұмсақ щетка немесе киімге арналған роликті тазартқышты пайдалануға да болады.

Перденің екі жағынан шаңын қағып, щеткамен жоғарыдан төменге қарай тазалаңыз. 

Майлы дақтан арылғыңыз келсе, жылы суға тазалаушы құралын араластырыңыз. Көпірме суға губканы бір малып алып, дақтың үстінен бір сүртіп шығыңыз. Губканы сығып алып, артық сабын көпіршігін алып тастау керек. Сулы жерді құрғақ шүберекпен құрғатып, фенмен кептіруге болады. Егер матада айғыздар қалып қалса, із үстінен булы үтікпен бір жүргізіп өтіңіз.

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 2
DinaR

пердені жуу оңай деп айтпас едім, бірақ негізі матасымен өлшеміне байланысты

nasty_girl

мдааа сизбен келисем Динар

Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий