Сабын пісіру құпиясы

Автор: aisha007
2732 0 Handmade
Жақыныңызға есте қалар сыйлық жасағыңыз келсе, сабын пісіріңіз.

Сізге алдымен балалар сабыны керек. Бала сабыны болмаса сабынға арналған мөлдір негізді де пайдалануға болады. Мөлдір негізді, сабынға арналған құрамдас бөліктердің бәрін интернет дүкенннен сатып алуға болады. Негізді ешбір қоспасыз табиғи түрін алыңыз.


Сабынды немесе негізді үккіштен өткіземіз. Орташа отта табаға 2-3 шай қасық майды ұнтақ сабынға араластырамыз. Кез келген май қолдануға болады. Мәселен, зәйтүн, қалампыр, авокадо, миндаль майы. (120 гр. сабынға 2-3 шай қасық май есебінде) Осы қоспаны жаймен араластырамыз, еруін күтеміз. Қайнау кезінде қалауыңызша, сүт немесе дәрі шөптер тұнбасын, шәрбат, тіпті компот та қосуға болады. Сүт көлемі сабын негізінен аз болуы керек, әйтпесе сұйылып кетеді. Бір араластырып алыңыз. 10-20 минутта піскен негіз қою қаймақ тәріздес боп шығады. Оттан алыңыз.

Енді сабынға эфирлі май тамшыларын себуге болады. Сабыныңыз скраб секілді болсын десеңіз ішіне кофе ұнтағын, геркулес ботқасының үгінділерін, миндаль ұнын, ұнтақталған шөптерді де қосуға болады. Сабынды кез келген түске де бояуға болады. 1 шай қасық бояғыш зат қоссаңыз жетіп жатыр.


Сабын негізіне дәріханалық топырақты да қосуға болады. Топырақтың ақ, көгілдір түрлері жақсы белгілі. Ол дене терісіне өте пайдалы. Мәселен топырақтың бір түсін алып, сумен қоймалжың етіп араластырып 50/50 етіп оған сабын негізін қосамыз.
Енді қоймалжың жылы сабынды арнайы қалыпқа құямыз. Сабынға арналған алуан түрлі қалыптар бар. Силиконды негіздегі печенье пісіруге арналған қалыптар да жарайды. Йогурттар мен кремдердің бос қалыптарын пайдаланыңыз.

Қалыптарды тоңазытқышқа 3 сағатқа салыңыз. Қалыптарды алдын ала өсімдік немесе зәйтүн майымен жағып шығыңыз. Сабын қатқан соң қалыптардан босатамыз. Егер алынбаса қалыптарды 20-30 секундқа қайнақ суға малып алыңыз. Сонда оңай алынады.

Міне өз қолымызбен пісірген сабынымыз дайын болды. Қиялыңыздан туған алуан түрлі сабын пісіріп жақындарыңызға сыйға тартыңыз. Бұл сыйлық ешбір жерде сатылмайды. Ол эксклюзивті сыйлық . Оның авторы – тек өзіңіз!

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий