Кеңседегі отырып
жасайтын жаттығулар

Автор: ARU88
2257 0 Фитнес
Сымбатты дене бітімін сақтап қалу үшін, міндетті түрде қиын жаттығу түріне жүгірудің қажеті жоқ. Егер бір жерде тапжылмай отырып, сұлу денемді жоғалтып аламын деп қорықпаңыз. Керісінше жұмыс кезінде 5-10 минут уақыт бөліп, дене бұлшық етін қалыпқа келтіруге болады.

Қозғалмай бір орында жұмыс істейтіндер үшін мына бес жаттығудың түрі дене бұлшық етіне көмегін тигізе алады.

Столдың шетіне шығып, екі қолыңызды стол жиегіне созып біраз уақытқа дейін тұрыңыз. Шаршаған кезде ғана жаттығуды тоқтатуға болады. Егер осы жаттығуды жасап тұрсаңыз, ойыңыздағыдай болатыны сөзсіз.

Столда отырып, екі аяғыңызды бірнеше сантиметрге көтеріп тұрыңыз. Сол кезде аяқ бұлшық етінің шыңдалуына көмектеседі.

Табаныңызды жерге тигізіп, алдыға жылжып кетпей орныңыздан кішкене тұрсаңыз, аяқ-қолдың шынығуына пайдасын тигізеді.

Столда отырып, екі қолыңызды басыңызға қойыңыз. Ішіңізді тартып, оңға және солға бұрылып бірнеше уақыт өткізіңіз. Қолыңызға су толған бөтелке немесе ауыр кітапты ұстап алғаныңыз дұрыс.

Екі қолды артқа, алға 10-15 минут  серпу арқылы бұлшық еттерді шынықтырыңыз.

Кеңседе отырып, дене сымбатын сақтауға болады. Әрине, жалқаулыққа салынбай жасап көрсеңіз!

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий