Тұрмыстық химиясыз үй тазалығын сақтау

#Советы

Тұрмыстық химияның адам өміріне пайдасынан гөрі зияны көп екені ешкімге құпия емес. Алайда, үйді тазалау барасында - таптырмас құрал. Соған қарамастан, эко-өмірге көшекісі келетін адамдар үшін Comode ұсынатын кеңестер пайдалы болады.

Тұрмыстық химиясыз үй тазалығын сақтау

Тұрмыстық химияның көбісінің құрамында формальдегид бар.  Формальдегид канцероген болғандықтан, ағзаға жиналған кезде қатерлі ісік ауруын туғызуы мүмкін. Одан басқа тұрмыстық химияның барлық дерлік түрі біз тұрып жатқан үйдің ауасын зиян және улы қоспалармен ластайды. Ал қолдың терісі тұрмыстық химиядан ең көп зардап шегетіндіктен, тырнақтын нашарлауы, терінің құрғақтауы, аллергияның пайда болуына әкеп соғады. 

Әрине, тұрмыстық химиядан мүлдем бас тарту оңай емес. Алайда, оларды пайдалануды азайтса болады.

Ас үй

  • Ыдыс-аяқты жууда химиялық сусабынның орнына құрғақ қышаны пайдалануға болады. Ол майды оңай кетіріп, сумен тез шайылады.
  • Кез-келген ыдысты қайта жылтыратуда ас содасы таптырмас құрал.
  • Қыша мен ас содасын 1:3 пропорцияда араластырып, басында тесіктері бар бос құтыға салса, ыдыс жуатан жаңа эко-құрал ойлап табуға балады. 
  • Қатып қалған дақтар мен тат басқан ыдыстар лимонның көмегімен оңай тазаланады.
  • Ыдыстың түбіндегі қаспақты кетіруге сірке суы көмектеседі. Ол үшін сірке суын 1:2 пропорцияда сумен араластырып, ыдыстың ішіне құйып, қақпақпен жауып қайнатыңыз.

Бөлмелер

  • Сірке суы тек ас үйде емес, сонымен қатар тұрғын бөлмелерді да тазартуға көмектеседі. Мысалы сірке суын 1:3 пропорцияда сумен араластырып, аяқ астындағы кілемнің дақтарын кетіруге болады.
  • Терезенің әйнектерін жылтыратуға кәдімді картоп көмектеседі. Картопты екіге бөліп, сол бөліктермен әйнектеріді сүртіп, артынан құрғақ сүлгімен тағы бір рет сүртіп шығу керек. 
  • Егер әйнектер қатты кір болмаса, оларды жай таза судың көмегімен жуып, газет немесе басқа да қағаздың көрегімен сүртуге болады. Қағаздың орнына суды жақсы сіңдіретін шүберекті алса да болады.

Жуынатын бөлме

  • Аталмыш сірке суы жуынатын бөлменің кафелдерін де тамаша тазалайды. Тек артынша есікті ашып, жақсылап бөлмені желдетеп алсаңыз болды.
  • Дәретхананы тазалауда да сірке суын пайдаланған абзал. Ол тек тазалап қоймай, зиян микробтарды да өлтіреді.
  • Лимон немесе грейпфрутты екіге бөліп, әр бөлікті тұзға малып, жуынатын раковинаны тазалауға болады.

#сода #Пайдалы кеңестер #үй жинау #химия #лимон шырын

Загрузка...