-->

Әшекей бұйымдарды қалай тазалау керек?

#Советы

Әрбір әйел адамның үйінде әшекей бұымдарды сақтайтын қорапша бар. Әдетте, оның ішінде алтыннан, күмістен, қымбат металдардан немесе арзан пластиктен жасалған бұйымдардың барлығы бірге, араласып жатады. Уақыт өте олар түрін, түсін өзгертуі мүмкін. Оның алдын алу үшін, әшекей бұйымдарды уақытылы тазалап, сақтау ережелерін ескеріп отыру керек. Ал оны қалай жүзеге асыратынын Comode айтып береді.

Әшекей бұйымдарды қалай тазалау керек?

Алтыннан жасалған бұйымдар

Алтынның сары, қызғылт және ақ түрлері болады. Алтыннан жасалған әшекей бұйымдарды тазарту үшін сабынды су және мұсатырлы спир қажет. Асыл тастары жоқ бұйымдар үшін 1 стақан суға 0,5 шай қасық спирт қосылады. Тастары бар болса, 6 тамшы спирт жеткілікті. 

Одан басқа, алтыннан жасалған әшекей бұйымдарды ыдыс жууға арналған сусабынмен де тазалауға болады. Ол үшін, сусабынның бірнеше тамшысын жылы суға араластырып, әшекей бұйымдарды 2 сағаттан 1 күнге дейін (әшекей бұйымның түріне байланысты) сол ерітіндіде сақтау керек. Бұйымда неғұрлым кір көп болса, соғұрлым ұзақ ұстау керек. Қиын кететін кірлерді тіс щеткасының көмегімен ысқылауға болады. Ерітіндіден алып шыққаннан кейін қайнаған сумен шайып, жұмсақ матамен сүрту керек.

Назар аударыңыз! Ақ алтынан жасалған бұйымдарды тіс щеткасымен, тіс пасталарымен, кір жуатын ұнтақтармен тазалауға болмайды! Тек жоғарыда айтылып кеткен су және мұсытарлы спирт, немесе ыдыс-аяқ жуатын сусабын көмегімен тазалау керек. Ақ алтын ылғалды ұнатпайды. Сол себептен, судан шығарған бұйымдарды бірден жұсақ матамен сүртіп алыу қажет.

Алтын жалатылған бұйымдар

Сыртына алтын жалатылған әшекей бұйымдарды да жоғарыда айтылған тәсілмен тазалау керек. Алтын қабаты кетпес үшін оларды да шеткамен тазалауға болмайды. 

Алтыннан жасалған бұйымдар пияздың сөлімен де тазарады. Ол үшін пиязды 2 бөлікке бөліп, бір бөлігімен әшекей бұымды тазалап, 1-2 сағатқа қойып қою керек. Содан кейін жылы сумен шайып, құрғақ матамен сүрту керек. 

Күмістен жасалған бұйымдар

Күміс бұйымдарды онша қатты кір болмаған жағдайда сабынды суға салып тазаласа болады. Ал егер кірі көп, түсі қарайған болса, тіс пастасын немесе ас содасын фланель матаға жағып тазалауға болады. 

Асыл тасы жоқ бұйымдарды суға қайнатып тазалауға болады. Ол үшін 1 ас қасық тұз, және 2 жұмыртқаның сыртқы қабатын 1 литр суға қайнатып, әшекей бұйымдарды сол жерге салады. 20 минут қайнатып, жылы сумен шайып, құрғақ шүберекпен сүртеді. 

Бижутерия

Қазір нарықта бижутерия тазалайтын аранайы ұнтақтар мен пасталар бар. Алайда, олардың көмегіне жүгінбей, бижутерия өнімдерін тазалауға болады. 

Сыртына күміс жалатылмаған бижутерияны ас содасының көмегімен тазалайды. Ол үшін ас содасын сумен араластыру керек. Шыққан қоспа паста ретінде әшекей бұымға жағылып, 20 минут әрекет етіп тұру керек. Одан кейін жылы сумен шайып, жұмсақ матамен сүртеді. 

Металдан жасалған бижутерияларды тіс пастасы немесе бордың көмегімен тазалауға болады.

Бтжутерияларды сірке суының көмегімен де тазалауға болады. Бірақ бұл тәсіл медециналық болаттан жасалған бұйымдардың қарайып кетуіне әкелетіндіктен, оларды сірке суымен тазалаудан аулақ болу керек. 

Шыны және пластиктен жасалған бұйымдар

Тазарту жолы ең оңай әшекей бұымдар - шыны мен пластиктен жасалған бұйымдар. Оларды қарапайым сабынды судың көмегімен тазалауға болады. Шыны бұйымдарды мұсатырлы спирт көмегімен жылтыратуға болады.

Мыстан жасалған бұйымдар

Мыстан жасалған әшекей бұйымдарды 9% cірке суын ас содасымен араластырып, пайда болған пастамен тазалайды. Тағы да бір қызық тәсіл: сарымсақтың 1-2 түйінін езіп, оған тұз араластырып, әшекей бұйымның сыртына жағып тазаласа, ол бірден жарқырап шыға келеді. 

Асыл таспен көмкерілген бұйымдар

Асыл тасы бар бұйымдарды тазалағанда сақ болу керек. Түрлі тас суға да, температура ауытқуына да түрліше әсер етеді. Алайда, бір әмбебап әдіс бар: құлақ тазалайтын таяқшаны алып, басындағы мақтасын одеколонға батырып, тастарды тазалауға болады. Тастар әшекей бұйымға желімнің көмегімен жабыстырылса, оларды суға салуға болмайды.

Тастардың көбісі арнайы тазалауды талап етпейді. Құрғақ шүберекпен сүртіп тұрған жеткілікті.

Інжу тас және көгілдір ақықты (бирюза) сумен және химиялық қоспалармен әрекеттестіруге болмайды! 

Осындай қарапайым тәсілдердің көмегімен, қалтаңыздан ақша шығармай әшекей бұымдарды тазалауға болады.

Қорыта келе, әшекей бұйымдарға байланысты бірер кеңестерді сақтасаңыз, олар сізді әлі ұзақ уақыт бойы қуантады:

  • үй шаруасымен айналысқанда әшекей бұйымдарды шешіп қойған абзал.
  • қолға крем, лосьон немесе медециналық препараттарды жаққан кезде сақина, білезіктерді шешіп қою керек. Олар әшекей бұйымдармен химиялық реакцияға түсуі мүмкін. 
  • әшекей бұымдарды айына 1 рет тазалап тұрыңыз.
  • әрбір әшекей бұым басқалардан бөлек қорапшада жатқаны дұрыс. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда, бөлек матаға орап, ортақ қорапшаға да салып сақтауға болады.
  • әшекей бұымдар әтір немесе иіс суымен әрекеттеспегені абзал.
  • суға түскенде әшей бұымдарды шешіп қою керек.
#әшекей бұйымдар #әшекей бұйымдарды тазалау #алтын #күміс #бағалы тастар

Загрузка...