Шаршамай үй жинау мүмкін бе?

Автор: Aina Dosmakhambet
3619 0 Советы
Үйіңізді қалайша шаршамай жинау керек екенін бімейсіз бе? Үй жинауға бүкіл демалыс күндеріңізді арнап жүрсіз бе? Бірнеше минут ішініде үйді жинап шығуға болатынына сенбейсіз бе? Comod ұсынған кеңестер сіздің ойыңызды өзгертеді.

Күніне тек бір бөлмеден жуыңыз. Көп жағдайда біз заңды түрде берілген демалыс күндерін үй жинаумен өткіземіз. Сосын шаршап, дүйсенбі күні тағы да жұмысқа аттанамыз. Демалыс күні демалу үшін, күн сайын кешкісін бір бөлмені жинап, жуып тұрыңыз. Ол бар болғаны 30  минутты алуы мүмкін. Үйіңіз бес бөлмелі болса да, демалысыңызды босатасыз.

Үй жинауды 3 кезеңге бөліңіз: заттарарды жинастыру, шаң сүрту, еден жуу. Оларды өзара топтастырып, үш күнге бөліп тастаңыз. Ол уақыттың ішінде үйді шаң басып кетеді деген тұжырым – қате. Қайта, шаршамай, үйіңізді таза ұстауға мүмкіндік береді.

Тұратын үйіңіз 2 қабатты болса, бір қабатын бір күні, екінші қабатын екінші күн жинаған дұрыс. Екі қабатты бірден тазалыққа келтіремін деп шаршаған адамға тыныңғатын төсектен басқа ештеңенің қажеті жоқ. Жиналмаған төсек те жарай береді.

Терезелерді апта сайын жуып тұрыңыз. Тек ішкі жақ әйнекті ғана сүртіп қоймай, сыртқы жағын да тазалап жуыңыз. Апта сайын жуылатын терезе кірленбейді. Бір терезеге не бары 10 минут кетіп отырады. Солайша көктем келгенде үйдің терезелеріне бір күн арнап жатпайсыз.

Бөлмелер санына байланысты үй жинауды бірнеше күнге бөліп тастауға болады. Мысалы сенбі күні ұйықтайтын бөлме мен төр бөлмені жуып, тазалаңыз. Ал жексенбі күні ас үй мен балалар бөлмесін жуыңыз. Ерте тұрып бастасаңыз, 2 сағатта бітіріп, қалаған уақытты өз демалысыңызға арнасаңыз болады.

Жуынатын бөлме мен дәретхананы кірген сайын жуып тұрыңыз. Әрбіреуіне 5 мин артық уақыт кетпейді. Сонымен қатар, оларға әдейі уақыт арнап, жуудың қажеті де болмайды. Есесіне, үйге адам келіп қалса да ұялмайсыз.

Бұл кеңестердің кез-келген бірін ең болмағанда екі апта бойы қолданып көріңіз. Нәтижесі сізді таң қалдырады.

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий