Жақсы келіннің 10 белгісі

#Семья

Төрде оң жақта отырып, еркелеп жүрген қыздың жат жұртқа келіп келін болуы оңай емес. Кез-келген жас келін алғашқы жылдары жылайды, мұңаяды, жабырқайды, жатырқайды. Осы кезде оған басты қолдау көрсететін - әрине, ері мен жаңа әулеті. Ал, басты сыншы - ененің көңілінен шығу үшін келін қандай болу керек? «Супер келін» білу керек қағидалар қандай?

Ұйқыдан алыс болыңыз. Үлкен кісілер таңертеңгілік асүйдегі бұрқыраған тоқаш пен ботқаның иісінен оянғанды жақсы көреді.

Тазалыққа жақын болыңыз. Екінші анаңыздың әр ісін мұқият қадағалап, жаттап жүріңіз. Мысалы, төсекті қалай жинайды, қай ыдысты қай сөреге қояды дегендей. Және білмегеніңізді сұрай беруден ұялмаңыз. Үлкен кісілер ақыл айтқанды әрі жиі ақыл сұраған келінді жақсы көреді.

Қою сүт қосылған шай дайындауда қателесуге болмайды. Одан бөлек тары,талқан т.б.үлкендерге ұнайтын астардың сапалысын таңдауда шебер болыңыз.

Сыйлықтың бағасы емес,сапасы мен ниеті маңызды. Жиі ақжаулықты енеңізге сыйлық жасаңыз.

Ұлын жамандамаңыз. Және ата-енеңіздің алдында ешқашан күйеуіңізге қарсы сөйлемеңіз. Бұл қателікті бір рет байқамай жасап қойсаңыз, кешірімін алу өте қиын болмақ.

Немерелерін ата-ененің алдында ешқашан еркелетпеңіз. Үнемі «ата-әжеге бар» деп итеріп жіберіңіз. Немерелерінің тәтті иісіне мас болған үлкендер сіздерге деген өкпе-наздарын ұмытып кетеді.

Төркіншіл болма. Керісінше, енеңіз өзі жалынып жіберетіндей күйге жеткізіңіз.

Үнемі күліп жүруді үйреніңіз. Күлу – тек ене мен келін арасындағы емес, кез-келген мәселедегі мұзды ерітетін үлкен мүмкіндік.

Қазақи енелер үшін келіннің бауырсағы мен қамыры өте маңызды. Жас келіннің іске деген икемділігін ақжаулықтылар осы екі тамақ арқылы бағалай білген.

Денсаулығына бей-жай қарамаңыз. Жиі дәрігер шақыртып, әртүрлі дәрумендер әперуге тырысыңыз. Және тапқан табысыңыздың 5-10% енеңізге «сізде болсын. Осы айда артық қалып еді» деп табыстаңыз. Бұл арадағы үлкен махаббат пен сенімді оятады.

#ене #ене мен келін #қазақ келіні #супер келін

Загрузка...