Төрт түрлі жігіттерден аулақ бол

Автор: ARU88
2416 0 Семья
Кейбір ер азаматтардан бойыңды аулақ ұстаған жөн. Неге дейсіз бе? Себебі, олардың кемшіліктері сіздің өміріңізді күл талқанын шығару мүмкін. Ал, оларды қайтадан қалыпқа келтіру қиынның қиыны.

Тағдырыңды тапсырып, кейін отбасыңды ойран ететін жігіттер өте көп. Олардан қалай сақтануға болады? Оларды анықтау мүмкін бе? Әрине, мүмкін.

Маскүнемдер

Маскүнем еркектерден сақ болу керек. Олар мейірімді әке, жақсы күйеу болып көрінгенімен, араққа тойып алып отбасы берекесін қашырады. Бірақ, ондай адамдар бірінші кездесуде арақ құмар екенін көрсетпейді. Маскүнемдер де әйелдердің жүрегін жаулап, көңілін аулауға тырысады. Арақ құмар ер адамның өзі сияқты достары көп болады. Сондай ақ олар әзіл қой, қалжыңға жаны жақын болады екен.

Қатын құмар

Мұндай еркектерге тап болсаңыз, өмірі іздеумен уақытыңыз өтеді. Қыз құмар жігіттер де маскүнемдер секілді әйелдердің басын айналдырып, өзіне қаратып алады. Олар тіпті әйелдерінің бар екенін жасырмай-ақ, осындай әрекетке баруы мүмкін. Сөйте тұра, қыз-келіншектер мұндай жігіттердің сөзіне елжіреп, ғашық болып қалады. Қыз құмар еркектердің айтарлықтай достары көп болмайды. Өйткені қыздардың оған дегендегі назарын өзгелермен бөліскенді жақсы көрмейді.

Анасының айтқанынан шықпайтындар

Анасының айтқанымен отырып тұратын еркектерде бар. Олар анасының шамадан тыс махаббатына бөлену арқылы зардап шегуі мүмкін. Мұндай екертер өте жақсы болып келеді. Әйелдердің жанын түсініп, көбірек көңіл бөліп, тіпті сыйлақтар сыйлап жатады. Бірақ, анасының таңдауымен ғана іске асады. Олар жаман әрекетке көп бара бермейді. Дегенмен анасын айналшықтап шықпауы әйеліне жақпауы мүмкін.

Альфонс

Альфонстар басында қалтасынан өзі төлеп, кейін әйелдердің мойнына мініп алады. Мәселен, мейрамханада отырған кезде, ақшасын карточкадан алып үлгермегенін, үйіне қалдырып кеткенін  айтып, өтірікке басады. Арам пиғылды альфонстар мұндай кезде қыз-келіншектердің өздеріне төлеуге тура келетінін біліп, қулыққа барады.  Альфонстар романтикалық кештер ұйымдастырып, бай-дәулетті нәзік жандылардың жүрегін жаулап алады. Олардың мұндай қитұрқы әрекетін бетіне басқан кезде, олар өміріңізден бір жола кетіп қалады.


Сондықтан күйдім, сүйдім деген еркектердің алдамшы сөзіне сене кетпей, тексеріп алған дұрыс.

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий