Талақ ету - исламдағы ажырасу

#Семья

3 рет қайталанған талақ сөзі некені бұзады. Талақтың шарттары. Имамнан сұралған ақиқат

Талақ ету - исламдағы ажырасу

Талақ – араб тілінен аударғанда «Әйелімен ажырасу, некені бұзу» деген мағынаға ие.
Ислам дінінде талақ ету тізгінін ер кісіге берген. Оның 2 себебі бар. Біріншіден егер талақ ету мүмкіндігі әйелге берілетін болса, онда ажырасулар көбейіп кетер еді. Өйткені әйел өте сезімтал келеді. Ол ашуланып, ренжісе де күйеуін талақ етуі мүмкін. Оның үстіне талақ үш мәрте беріледі. Егер әйелге берілсе ол осы үш мүмкіндігін бір сәтте орындап жіберуі ықтимал. Тіпті күйеуі нашар, өзі аса сезімтал болса күнде талақ етуі мүмкін. Екіншіден, отбасының дүниелік жүгі ердің мойнына артылғандықтан, ол талақ мәселесінде аяғын аңдап басуға мәжбүр.

Әсілі, Жаратқан адамдарға рұқсат еткен амалдардың ішінде жұбайлардың ажырасуын, мұсылман отбасының ойран болуын жеккөреді. Оған Абдулла ибн Омардан (р.а.) жеткен риуаятта Аллаһ елшісінің (с.ғ.с.): «Аллаһ тағала үшін халалдың ең жағымсызы – талақ», - дегені нақты дәлел.

Аллаһ тағала қасиетті Құранда: «Аллаһқа және Елшісіне (бағынып) бойсұныңдар. Сонда сендер Аллаһтың рақымына бөленерсіңдер» («Әли Имран» сүресі, 132-аят) - десе, сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадисінде: «Уа, адамзат! Мен сендерге екі нәрсе қалдырып барамын. Соларды берік ұстансаңдар, ешқашан адаспайсыңдар. Ол – Аллаһтың кітабы (Құран) және менің сүннетім», - деген.
Ислам дінінде ері әйеліне неке кезінде немесе одан кейін де талақ ету мүмкіндігін беруіне де болады. Исламнан бұрын арабтар әйелдерін қалаған кезде талақ етіп, қалаған кезінде қайта алатын. Отау құруды, шаңырақ көтеруді ойыншыққа айналдырған осы әрекеттеріне Хақ дін тыйым салып, үш талақпен шектеген.
Талақтың шарттары:  Шариғат талабы бойынша «талақ» арасына белгілі бір уақыт (төрт ай, он күн) салып үш рет айтылуы тиіс. «Талақ» сөзін 3 рет қайталаған ер адамның некесі бұзылады. Талақ ететін ердің ақыл-есі түзу және ояу болуы керек. Талақ етілген әйел«ғиддат» мерзімінде, яғни 3 ай бойы ерінің немесе ата-анасының үйінде тұруы керек. Бұл 3 айда ері айтқанынан қайтып әйелімен отбасылық өмірді қайта бастауы мүмкін. Әйел адамда мұндай құқық жоқ. 3 айдан кейін әйел некесі бұзылып, бойдақ саналады. Әйел адам басқа ер адаммен некесін қиса, онымен некесін бұзып, ғиддат мерзімін өтегеннен кейін алғашқы күйеуімен қайта некелесуіне болады.

Талақтан кейін 3 ай көлемінде әйел ешкіммен некесін қия алмайды. Баланың әкесі кім екенін анықтағанда шатаспау мақсатында істелген. Ажырасқаннан кейін ері әйеліне сый немесе ақшалай өтемақы жасауы тиіс. Егер арасында 2 жасқа толмаған баласы болса, онда ер адам әйеліне бағу, тамақтандыру ақысын береді. Негізі баласы кәмелеттік жасқа толғанша әкесі көмек беруі керек. Әкесі қызының тұрмыс құрып, материалдық жауапкершілік күйеубаласының мойнына артылғанға дейін өтемақысын төлейді.

Бүгінгі таңда имамдар «Некесін мешітте қидырғысы келетін жастар АХАЖ (азаматтық хал актілерін жазу) бөлімінен қағаз әкелуі тиіс» деген арнайы ереже бекіткен болатын. Енді бұл ережені Алматы қаласы мен Қазақстандағы бүкіл мешіттер орындайтын болады. «Қазақстан құқықтық  мемлекет болғандықтан, шаңырақ көтергісі келетін жастар діни сеніміне қарамастан, АХАЖ бөлімінде тіркеуден өтуі тиіс. Өйткені кейін ажырасып жатса, еркек алимент төлеп, баласын асырауға көмектесуге міндетті» дейді  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  өкілі.

#неке #талақ #развод по исламу #материальная компенсация #мешіт #имам #идда #ғиддат #3 ай #ажырасу #некенің бұзылуы #3 месяца после талак #3 раза сказать талак

Загрузка...