Отбасым үшін күрестім. Жеңдім!

Автор: aisha007
4514 15 Семья
Көзіме шөп те салды. Ренжітті. Бірақ мен кешірдім.Өйткені шын сүйдім.

Бүгін менің зауқым жоқ... ештеңеге... ешкімге де...

Санамды "неге" деген сауал селт еткізді. Өйткені ол мені тағы ренжітті... еріксіз ойым бір тұңғиыққа жауап іздеп, бойлап кетті. Осы оқиғаның жалғасып, сағызша созылып келе жатқанына міне 10 жылға жуықтады. Алғашында әрине, бәрі жақсы. Ол кез менің басым айналып, көзім байланып, тұңғиықтың түбіне жете алмай жүрген ерке елік дәуренім еді. Қыз жігіттің танысатын, бас қосатын орны би кеші емес пе ? Мен де шымкенттік құрбыларыма ілесіп сол күні қазіргі «Целинный» кинотеатрындағы дискотекаға барған едім. Көңіл-күй тамаша, жастық жігері буынды нық бастырып, өмірге деген құлшынысты арттырып тұрған шақ. Отырыстың қызған шағында зал ішіне 4-5 жігіт кіріп келді. Жігіт болғанда да бүркіттің бозбалағындай дерсің!  1995 жылдары халық арасында «Рекиттер» деп атап кеткен ұйымның дәуірі жүріп тұрған. Әлгі ішке кірген жігіттердің бет пішінінен сондай топтың өкілі екенін тану оңай еді. Көзім түскенімен оларды байқамағансып биімді жалғастыра бердім. Әлгі жігіттер менің құрбымның, яғни, қазір өте танымал тележүргізуші ол кезде қарапайым журналистика факультетінің студенті болған Айжамалмен құшақ жайып, амандаса кетті.

Беттерінен жабысып сүйгендеріне қарағанда бір-бірін өте жақын білетін секілді. Мен де ол кезде Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің бірінші курс студентімін - болашақ журналист. Арман арқалап Алматыға келгендердің бірімін. Сол күні әлгі алтын тісті, ақ құба, кең иықты жігіт менің өмірімді 180 градусқа өзгертті. Иә, иә шынымен де мені аспанға шарықтатты, арманнан асыл үміт күттірді. Не керек күнде кездесу, күнде отырыс әйтеуір басымыз айналып "үйленейік" деген шешімге келдік. Арада небәрі 6 ай ғана өтті. Ол мені толық зерттеп білді, таныды. Ал мен... мен... жәй ғана пәк сезімге ерік бердім. Көзімді тарс жұмдым. Отбасын құрып, бақыт құшағына бөленемін деген ойым күл талқан болды. Үйленген бетте әлгі спорттық дене бітімді арман жігітім өзгеріп шыға келді. Қабағы ашылмай үнемі мені қадағалаумен, шектеумен болды. Қыз күнімде біреудің еркесі, жалғыз қызы ретінде айтқанымның бәрі оң шешім тауып келгеніне үйреніп қалғам, дәл осындай қиындыққа тап боламын деп ойламаған едім. Оған тіпті киім киісім, отырып-тұрғаным, тіпті "көшеге шыққанда адамдарға алақ-жұлақ етіп қарайсың, көзің жаман" деген қорлыққа да тап болдым. Мұндай дөрекі ескертулер менің жанымды жегідей жей бастады. Ол аздай мені талып сүйеді деген жарым, үйленгенімізге бір ай болмай жатып көрші қыз-келіншектерге көз қырын салып жүрді. Тіпті оны менен жасырмады да! "Өзімдікі, менікі" деп жан дүнием айқайлағанымен қолымнан келер амал болмады. Алғашында үйдегі еркелігіме салып көз жасымды шығарып қарсылық білдіргенмін де. Онымнан түк шықпады. Ол мені мүлде көзге елемей, адам қатарына санамай ашуы үдей түсті. Жан дүнием бір түсініксіз әлемге тап болды. "Еркектің есіл дерті жаңа таныстық, жаңа ынтызарлықта ма" деген ой мазалай берді. Бірте-бірте жылдар өтті мен университетті аяқтап, қалалық телеарналардың біріне жұмысқа тұрдым. Мен үшін бұл үлкен бақыт еді. Отбасында мені ешкім тыңдамағандықтан, бар күшім, бар жігерім жұмыста болды. Мен өз мамандығымнан ләззат алдым! Шарықтап күнде бір жаңа шыңға шыққандай болдым. Ендігі махаббатымды өмірге деген сүйіспеншілікпен құлшынысымды аямай жұмысқа салдым. Алайда, жаңа жұмысымда да бірінен соң бірі қиындықтарға тап болдым. Бастаған ісім оңға баспай қиналдым да қажыдым. Әрине университет қабырғасынан жаңа шыққан сарыауыз балапанда қайдан тәжірибе болсын?! Бірақ мен сол кезде-ақ кәсіби жолда ауыр күрес болатынын сезіндім және соған іштей дайын болдым. Күрестім. Барымды салдым. Бірте-бірте өз саламның қыр сырын жақсы түсінетін тіс қаққан журналиске айналып шыға келдім. Қызметімде өрлеу дәуірі басталды. Жылда журналистер күніне мақтау қағаздар, әкімдіктен, министрліктен тіпті елбасының арнайы медалімен де марапатталдым. Бұл менің өмірімдегі үлкен белестер еді. Күні бойы бірнеше түсірілім жасап, шаршап-шалдығып сағат оннан кете үйге ораламын. Үйде қарапайым әйел тіршілігі жалғасын табады. Оған түсінігі мүлде басқа күйеуіңнің тықылдаған, мазасыз, мардымсыз ілікпе сөздері қосылады.

"Осындай жағдайға қалай шыдап жүрсің, неге кетіп қалмайсың? Ажырас" деген құрбыларымның кеңестері осындайда орынды деген ойға батасың. Жоқ дұрыс түсіну керек! Олар маған жаны ашиды! Өйткені олар менің қыз күнімде қандай болғанымды біледі. Ақжарқын, ақкөңіл, өмірге құлшынып тұратын қыз жанары бүгінде сөнген шырақтай өшіп қалған... Бірақ мен үйге орала алмаймын...біріншіден әке-шешемнің жүрегіне жара салғым келмейді. Оларды ел алдында "қызы күйеуден қайтып келді" деген атқа қалдырғым келмеді. ... ол да бос сөз...шынын айтқанда мен ... мен оны қатты сүйдім! Және барлық қорлығына шыдауға тырыстым! Ол қасымда болса болғаны, маған сол да жетеді. Екеуміз махаббат жайлы мүлде тіс жармаймыз. Аузымды ашсам бәлеге қаламын. "Сенің ойыңда тек сол, сен мен болмағанда жеңіл жүріске салынып кетер едің" деген лас сөздерімен жүрегіме жара салады. Үлбіреген сезімімді әлдеқашан жүрегімнің түбіне тығып тастағанмын, оны тек іштей сүйемін. Білдірмеймін. Кешкі асты үнсіз ішеміз. Ол жылдам ішіп тұрып кетеді. Ал мен жалғыз қалқиып қала беремін. Төсекте , төсекте ше ... ол ары қарап ұйықтайды. Саусақтарым оның иықтарын сипалап сезінгісі келеді, аймалап құшқысы келеді... Абайсызда қолымның ұшына ерік берсем, ауыр сөз естіп түні бойы жылап шығатынымды да білемін! Бұл әйел үшін нағыз азап, қорлық дерсің! Жиырма үштің үстіндегі қыз үшін қасында күйеуі жатып түнді жападан жалғыз өткізу қандай қиын екенін ешкімде сірә түсінбейтін шығар! Ал таңертең .....таңертең әдеттегі күйбең тіршілік. Өшімді жұмыстан алып, ерттелген бәйге атына ұқсап аянбай шабамын!

Дегенмен, күйеуім жылдар өте келе көзқарасын өзгерте бастады. Бұрынғы сауықтарынан бас тартып, бөтен қыз-келіншектерден ләззат алып бітті. Кешке үйде қонатын болды. Менің еркін, әрі өзіне нық сенімді қадамдарыма ойлана бастады. Баламды да босана сала анама бақтырдым. Қызметіме еш кедергі келтірмедім. Сол шақта нағыз іскер, білікті, білімді ұзақ жылдар қоймада сақталған дәмі балдай шарапқа айналғанымды өзім де байқамай қалдым. Оны ерім байқап жүрді. Бетіме ұзақ үңіліп, "әдемі екенсің ғой" деп жиі айтатын болды. Ол кезде отызға қадам басқам. Республикалық арналардың бірінде тележүргізушілік қызметте едім. Күнде эфир, толастамайтын телефон қоңыраулары. Мені үнемі іздеп жатады. Бірі жұмыстан бірі түсірілімге байланысты соның бәрі оған менің қоғамдағы орным қандай екенін байқатты. Енді қызғаныш мені өзіне қарату басталды. Бұрынғыша емес, дөрекі мінезді қойып, таңғалдыруға тырысты. Қуантқысы келетінін байқатты. Кешкі асқа шақырып мейрамханаларға апаратын болды. Мен нағыз бақытты әйелге айналдым!!! Егер менен әйел бақыты деген не десе мен былай деп жауап берер едім - "әйел бақыты отбасылық тыныштықта, берекеде, екіншіден - ана болуда, үшіншіден - сүйікті қызметте! Осы тепе-теңдік бұзылса жаның жараланғаны!".

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 15
Жулдыз Какенова

Оны мен суйемін, бәрі уақытша, кейін екеуіміз бақытты болып кетерміз деп өзін алдап өтірік жалған өмір сүріп жүрген әйелдер көп. Бірақ сол бақытқа қол жеткізе алмай кететіндер одан да көп.
Қыздар өз өздеріңді алдамай өмір сүріңдерші!!!

aisha007

Дұрыс айтасыз Жұлдыз Какенова, адам 1 ақ рет өмір сүреді. Отағасын дұрыс таңдай алмай, махаббат немесе балаларым үшін деп өз өмірін қызықсыз әрі жанкешті етіп өткізіп жатқандар қаншама? Бұл кейіпкердің бағы бар екен. Ол бірнеше жыл бойы шыдамының арқасында ғана өз бақытын қайта тапты.

Shyn

ого, Жулдыз, снимаю шляпу))) я после душераздирающей истории про вторую или третью жену воздерживаюсь от комментариев данному автору.

aisha007

Shyn бұл менің жеке басымның оқиғасы емес. Бұл жерде менің жеке басыма емес, жазылған оқиғаға баға беру керек. Ал ол кімнің басынан өткені маңызды емес. Бастысы проблема бар. Оған пікір білдіру адамның өз ісі.

Shyn

судя по тому, как Вы яростно отбивались в прошлый раз, Вам и карты в руки. А ситуации как то приближайте к жизни, проблема из пальца высосана.

Жулдыз Какенова

Шынар, если мне интересно я готова забыть про обиду. А тема жизненная)

Жулдыз Какенова

Айша жарайсын! Қазақша жазатыныңа қуанамын! Жаза бер. Шығармашылық табыс тілеймін саған!

aisha007

рахмет Жулдыз, сіздің пікіріңіз мен үшін маңызды. Менің өзге де жазғандарыма пікіріңізді күтемін.

Shyn

әзірге Жұлдыздан басқа пікірді мен көріп отырған жоқпын, құрбыларыңызға рейтингіңізді көтеру мақсатында өтініш жасап көрсеңізші.

Shyn

кстати, рейтинги идут)))

Sara_R

әйелін сүйіп сыйлау үшін 10 жыл керек болды ма?? мен де түкте істемей, тек 10 жыл күтсем, маған кім кепіл болады, соңының жақсы боларына))) как то нереально и рискованно

жадырра

дәмі балдай шарапқа айналған бұл келіншектің өмірі қызық екен
күйеуі рэкит, өзі танымал журналист болса
аты жөніңіз кім еді, радиода істейсизба:?

ravshana

мундай тозимди айелге бас иемин, онын орнында баскалар болса бурында куйеуин тастап кетер еди еш ойланбастан, демек сезимдери шынайы болган гой

byrjan alimgerey

респект этой героине. а муж конечно у тебя болван. столько лет ходить налево и вдруг увидеть ее по тв и влюбиться снова. даа.

poker face

мужу рекетиру повезло с женой красавицей

Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий