Отбасым үшін арпалыс

Автор: aisha007
1840 0 Семья
Бүгін мен жалғызбасты анамын. Осыдан 2 жыл бұрын ғана бақыттан басым айналып жүрген. Сол күндерім сағым болатынын сезбедім.

Баламның әкесімен кафеде таныстық. Дене бітімі сымбатты, орта жастағы түрі келісті жігіт сол би кешінде бірден көзіме түсті. Бірге биледік, таныстық. Алқызыл шоқ раушан гүлдері сыйланды, бағалы сыйлықтар берілді маған. Маған әркімнің ақ бар таласы ... демекші өз қаламның ең сұлу қыздарының бірімін. Қала аруы байқауына 2-3 мәрте қатысып жүлделі болдым. Жігіттерім де болды. Бірақ дос қыздарым аз. Себебі мені көре алмаушылар көп болды. Амал дос боп жүрген талай қызды көрдім. Өзімнің жалғыз ғана Жазира деген құрбым бар. Бар сырымды соған айтамын.

Жазира екеуміз жұмыстан кейін кафеге барып серуендеп қайтатын әдетіміз болатын. Сол кеште Нұржанмен таныстық. Ұнаттық бір бірімізді. Ол біздің қала әкімінің «оң қолы, көмекшісі» боп қызмет ететінін білдім. Күндіз түні әкімнің қасында. Жалақысы да жоғары, мінгені қымбат көлік. Қоршағаны небір сұлу сылқымдар. Мен оны сол ортасынан қызғандым. Олар түптің түбінде менің жаңа отбасыма кесірі тиетінін сезгендеймін. Біздің 2-3 ай бойғы махаббат ертегіміз менің «ана» атануыммен аяқталғандай сезілді. Аяғым ауырлады. Ал жігітім болса мені алғысы жоқ. Өз үйімнің үкілеп өсіріп отырған қызымын. Ата -анам бар. Текті жердің қызымын. Соны түсіндіріп, отбасын құрайық дегенімді Нұржан пысқырмады. Менің сыртымнан өткенім жайлы хабар жинапты. Алматыда оқыған кездерімді, кіммен дос болдым, қай жігітпен кездестім бәрін сұрастырып біліп мені алмауға сылтау іздегендей.

Иә, Нұржанға дейін мен жігіттермен жүрдім, болдым. Бірақ отбасын құруға ешқайсысын таңдамадым. Ол менің өткен өмірім. Оның Нұржанға еш қатысы жоқ деп түсіндірумен әлек болдым. Бәрібір мені тыңдамады. Ішім өсе берді. Мен қатты күйзелдім. Нұржан біресе үйленемін-үйленбеймін деп басымды қатырды. Ата-анаммен үйге келіп танысты. Үйленетін боп шештік. Бірақ ешқандай той жасалмайды. Ресейде тұратын әкесі ғана құда түсіп мені үйден алып кететін болды. Әкесі келді. Әбден орыстанып кеткен кісі. «Менің ұлымның саған дейін де құрған отбасы, бала-шағасы бар, оларды ойланбастан тастап кеткен. Екеуің тұруың екіталай, өздерің біліңдер» деп құдалықта ата-анамның көзінше айтып салды. Бәріміз сол кезден бастап әкесін жек көріп кеттік. Бата айтудың орнына сөйлеген сөзі осы болды.

Ата-анам маған көрпе жастығымды, үйге қажетті техниканың бәрін несиеге алып берді. Нұржанның үйіне көшіп бардым. Неке қиып тұра бердік. Заңды түрде отбасы құрылмады. Сүйіктіме дәмді тағамын пісіріп, кешке күтумен боламын. Кейде келсе, кейде жоқ. Айтатыны әкімнің шаруаларымен жүрдім, бардым, өзің ұйықтай бер дейтін. Келсе де үстінен әйелдің иісі шығатындай, телефонға жазылған смстер. Басын ашып сөйлесудің арты айқай-шуға айналады. Анам «бәріне де көніп бақ, елден ұят, өз отбасыңды шайқалтпай ел қатарлы өмір сүр» деген ақылы тағы бар. Күндердің күнінде жарымды кафеден басқа қызбен құшақтасып отырған жерінен ұстадым. Құрбыммен серуендеп кафеге келдік, бұрышта аймаласып отырған күйеуім көзіме оттай басылды. Ашуым келді.

Неткен опасыздық, неткен бақытсыз едім. Ішімдегі балам не болмақ, мынадай әкеден не тәрбие көрмек? Сол түннен бастап күйеуімді жек көріп кеттім. Күнде ұрысатын болдық, өйткені ол менің сенімімді жоғалтты. Өз қолымен сезімді өлтірді. Осындай ұрыс-төбелесте менің ішімдегі нәрестем не болды десеңізші. Күйеуім «киіміңді жина, әке-шешеңе апарып тастаймын. Маған психикасы дұрыс дамымай қалған әйел керек емес, екеуміз отбасы боп тұра алмаймыз деп айды аспанға шығарды. Мен өз үйіме қайтып оралдым 7 айымда. Бүкіл техникам сол үйде қалды. 9 айымда қиналып, ұлымды дүниеге әкелдім-ау. Шүкіршілік еттім. Балам туғанда әкесі қасымда болды. Өзінің аты-жөнін берді. Ай сайын 50-60 мыңдап көмектесіп тұрады. Бірақ бір үйде тұруға шақырмайды. Мен 1 жыл балама қарап, 1 жаста жұмысыма шығып кеттім. Қаржы саласында қызметтемін. Баламды үйдегі жеңгем қарайды. Бұрынғы қалпыма тез оралдым. Баламның әкесі қайтадан хабарласып, маған Тайландқа,Түркияға барып демалуымызға ұсыныс білдірді. Баласыз. Тек мені ғана шақырды. Мені тек жату үшін ғана, ойнас ету үшін пайдалағысы келетінін сеземін. Бас тарттым. Осылайша өмір өтіп жатыр, менің ендігі күнім қандай болар екен. Мені алда не күтеді? Білсемші?

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий