Отбасы бақытын сақтау

Автор: Aysulu
2123 0 Семья
Отбасы бақыты – әр адамның асыл арманы. Ал шаңырақтың шайқалмауы көбінесе әйел затына байланысты екені белгілі. Сондықтан, нәзік жандарға отбасы бақытын сақтап қалуға көмектесетін кеңестерді ұсынамыз.

Өзіңіздің нәзік жан екеніңізді ұмытпаңыз, отбасында жұмсақ болыңыз. Еріңіздің күшті әрі сол отбасының отағасы екенін ұғындырыңыз, билікке ұмтылмаңыз.

Күйеуіңіздің бойындағы кемшіліктерді айта бермеңіз. Керісінше, оның мерейін асқақтата түсетін жақсы қасиеттерін айтып, сол үшін де оны сыйлап, ерекше бағалаңыз.

Кішіпейіл болыңыз. Отағасының қалтасы көтермейтін заттарды алып беруін талап етпеңіз. Өзіңізді бай отбасындағы әйелдермен салыстырмаңыз. Одан да еріңізге көмектесіп, тапқан табысын орнымен жаратып, оны сақтап қалуға ақыл қосыңыз.

Рахымды болыңыз. Жолдасыңыздың әрбір істеген ісін қолдап, рахмет айтып отырыңыз, оны жиі мақтаңыз. Сонда ол үнемі сізге жақсы көрінуге тырысады.

Көңіліңізді түсіріп, жиі қабақ шытып жүрмеңіз. Үйде жүргенде оған жымиып қарап, жылы сөйлеңіз. Тартымды болыңыз, киіміңіз алқам-салқам болмасын, әдемі боянуды да ұмытпаңыз.

Ер адаммен ұрысып абырой таппайсыз. Мұндайда сіздікі дұрыс болса да үндемей сыртқа шығып кетіңіз. Екеуіңіздің де ашуларыңыз басылғанда жаймен отырып мәселені шешуге тырысыңыз.

Күйеуіңізге сенім артыңыз. Оның кіммен араласып, қайда баратындығына немқұрайлы қарамайтындығыңызды айтып түсіндіріңіз.

Отбасы құпиясын сақтаңыз. Қандай да бір келеңсіздік туындай қалған жағдайда ол туралы басқа адамдарға айтпаңыз. Мұның тек сізге зияны тиюі мүмкін. Сабырлы болыңыз.

Жолдасыңыз көңіліңізге қаяу түсірсе қорғаушыны сырттан іздемеңіз. Оның осы қадамының дұрыс жағын ойлап, ақтап алуға тырысыңыз. Бәрі де сіздің қолыңызда. Еркекті адам қылатын да, ада қылатын да әйел екенін ұмытпаңыз.

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий