Ойрандалған отбасы

Автор: aisha007
2443 2 Семья
Отбасылық әйел мен күйеуі арасындағы қатынастар қашанда өзектілігін жоғалтпайтын тың тақырып боп қала бермек

Бала кезімізде ескі үйімізде Бану мен Қайрат атты көршілеріміз болатын. Ұлдары Дидар 6 жаста, Данияр 4 жаста еді. Есімде: шулаған жұрт, жылаған көршілер, сыпсыңдаған әйелдер, анасының өлімін түсінбеген әлде елемеген қос баласы аулада ойнап жүрген. Күйеуін қызғанған Бану апай өз жарының қолынан жазатайым болады деп кім ойлады?

Қайрат сырт көзге қарапайым, көп сөзі жоқ, сымбатты, көрікті жігіт болатын. Зауытта жүргізуші боп істейтін. Жұмысында секретарь қарындаспен ойнас болатын. Киімінен алқызыл помада, әйел әтірінің иісі шығып тұратын. Күйеуін қызғанып, аулада жылап отыратынын анам талай рет көретін. Басқа әйелдермен ойнас болуы Банудың ашуын келтіріп, ренжітетін. Ол күндегідей ваннада күйеуінің жейдесін жуып тұрған.

Жейдедегі шаштарды көріп, жарына ренжіп ұрысқан. Осы ұрыстан кейін Бану ол ваннадан тірі шықпады. Балтамен қарақұстан ұрылып өлтірілді. Асыл жарының қолынан өлім табамын деп ойлады ма көршіміз? Балалары бұл өлімнің куәгерлері болды. Ертеңіне жұрт жиналды. Қайраттың туған әпкесі сотта істейтін. Сол інісіне «есі дұрыс емес» деген анықтама алып берді. Қайрат сотталмады. Екі баласы тірі жетім қалды. Банудың анасы екі баланы ауылға алып кетті.

Ал күйеуі сотталмауымен қоймай, кейін сол ойнас секретарь қарындаспен қосылып алған. Жас отбасының берекесі ойрандай қирады. Екі баланың тағдыры не болды, аналарының өлімін кейін өскенде әкесінен кек алды ма екен? Сотталмағанымен оған тек Жаратқан әділ шешімін береді. Жалпы осындай жағдай бүгін де жетерлік. Қыз-қырқынмен қыдырып жүрген, ойнасы бітпеген жас отбасыларының отағалары ұрпағының анасын ренжітеді, балаларының психологиясын улайды емес пе? Бұған кейбір әйел көнеді, ұрғанына шыдап, бұйырғаны осы деп көзін жұма қарайды. Түк мағынасыз ит өмір кешуге мәжбүр. Өйткені ол сүйікті жар, балалардың әкесі, тағысын тағылар..

Осындай сүреңсіз тіршілікті әйел адам жалғыз бастан кешірмейді. Бұған балалары да куә болады. Анасын ренжіткен, жылатқан әкесі баланың ашу-ызасын келтіреді. Бала ызақор, мазасыз, жүйкес жұқарған боп өседі. Әкесінен көргенді қайталайды. Оның тағдырының көшірмесі де болады. Мұндай трагедияға жол бермеу керек. Балаңыздың болашағына алаңдасаңыз, бақытты балалық шақ сыйлаймын десеңіз жоғарыдағы заттарға көнудің қажеті жоқ. Адамдар бірге тұру үшін, бір бірінсіз өмір сүре алмайтындай дәрежеде болса ғана отбасын құру керек деп ойлаймын. Және әке мен ананың басты мақсаты бір біріне махаббат пен сыйласымдық, бақыт сыйлауы керек. Сонда ғана олар бақытты, келешегі бар ұрпақ тәрбиелей алады.

Құрметті оқырман, сіз не ойлайсыз?

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 2
AraiS

сіздің пікіріңізбен келісемін. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің дейді. Әкесінің анасын ұрып-соққанын, ұрыс-таласты көріп өскен ұл ертең өз әйелімен осыны істемесіне кім кепіл? Себебі ол бұны қалыпты нәрсе деп ойлайды. Мен өзім, құдайға шүкір, тәрбиелі де тату отбасында туып өстім. Әкеміз бен анамыздың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен сыйластығын көріп өстік. Сол себепті отбасымыздағы әр ағайын дәл сондай жанұя құруға талпындық. Ата-анамыз бізге - үлгі.

Atyrau

Алла тагала. Осындайды ешкмге Кудай акелмесн.

Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий