Әйелім мені елемейді

Автор: aisha007
1445 0 Семья
Жәниям мені жақсы көрді ме әлде тек үйлендіруді ғана көздеді ме?

Менің  жасым 34 те. Адвокатпын. Отбасымның берекесі кетті. Себебі әйелім мені ер деп қараудан қалды. Мүлдем танымайстай етіп өзгерген Жәниям. Жас кезімізде екеуміз бір бірімізді ұнаттық, дос боп жүрдік. Үйленгенге дейін 2 жыл араластық. Жәниям мені өзіне еліктіре білді. Ол кезде мен әлі үй-күйім болмады, шыны керек үйленгім де келмеген. Өзіміз ол кезде студентпіз. Студент шақта қайдағы үйлену. Бірақ Жәния оныма көнбей үйленбесең асылып қаламын, өз өзіме қол жұмсаймын деп байбалам салды.  Жәнияның анасымен де таныстым.

Ол кісі бізге өз ақ батасын берді.  Айтып кету керек, менің  бойым қысқа, яғни орташадан да қысқа жігітпін. Осы кемшілігімді Жәния да байқамағандай болды. Бар есіл-дерті мені өзіне қарату болды. Екеуміз үйлендік,  ұлымыз туылды. Бұрын менің көңілімді аулап,дәмді тамақ пісіретін. Қазір ол да жоқ.  Өзі аурушаң боп кетті. Ауырмайтын-сырқамайтын жері жоқ.  Әйелімнің денсаулығына көңіл бөліп ақшасын  да бердім, емдеттім. Бәрібір жиі ауырады. Ең бастысы әйелдік парызын орындамайды. Мүлдем суық тартып кетті арамыз. Мен жұбайымды осы жылдар ішінде бауыр басып, жақсы көріп кеттім. Ал ол болса менің әйелім екендігін ұмытқан сияқты.

Екеуміз басында аптасына 1 рет жыныстық қатынаста болсақ, қазір ол да сиреп, 2 айда 1 рет отбасылық парызды орындаймыз. Өйткені оның құлқы жоқ. Менімен қызықпайды, елемейді.   Бала туылған соң депрессия болатынын білемін, бірақ бұл депрессияның созылғанына міне 7 жыл толды. Бүгін екі баламыз бар. Бірі 7,5 жаста, екіншісі 1,5 жаста. Мен сау еркепін, маған толыққанды секс қажет, сүйікті жұбайым, отбасым керек. Осы проблема үшін отбасымнан айрылғым келмейді, ажырасу ойымда жоқ. Бірақ әйелімнің істеп жүргенін түсінбеймін. Менің қайда жүргенімді қадағалап отырады.  Кіммен не үшін қыдырдың деп сұрақтың астына алады. Ал бірақ өзі әйелдік міндетін орындамайды. Оның денсаулығы сыр берді. Сол сылтауын айтып менімен төсектес болудан бас  тартты.   Әйелім екеуміз отасқанымызға міне 11 жыл толды. Алайда осы 11 жыл ішінде жұбайымнан бір жылы сөз естіп көрмеппін.

Құрметті оқырман! Бұл жағдайда не істеуге болады?


Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий