Регистрация
Вход с паролем
Если у вас еще нет учетной записи на Comode.kz – зарегистрируйтесь прямо сейчас!
Логин или электронная почта
Пароль
Забыли пароль?
Вход через социальные сети
Регистрация
Все поля обязательны для заполнения
Имя пользователя
Электронная почта
Пароль
Регистрация через социальные сети
Восстановление пароля
Ссылка для восстановления пароля будет отправлена на ваш e-mail.
Имя или электронная почта
Отмена
Регистрируйтесь и добавляйте статьи в избранное, подписывайтесь на обсуждения, комментируйте

Енем бала бағуға көмектеспейді

Автор: Aina Dosmakhambet
1477 0
Бауыржан атамыздың «Немересіне ертегі айтпайтын әжелер мен баласын бесікке бөлемейтін келіндер бар. Мен осылардан қорқамын» деген сөзі бар. Алайда, бесікке бөлемей-ақ баласын өсіріп жатқан аналар аз емес. Ал өз немересіне ертегі айтпақ түгіл, 5-10 минут көңілін аулаудан қашатын әжелер ше?

- Сен тамақ пісіріп жатқанда, енең балаңды қараудан бас тартса, оған ренжімейсің бе? - деп сұрады құрбым.

- Жоқ,  несі бар? - дедім мен.

- Білмеймін...немересі ғой. Көмектессе несі кетеді?

- Түгі де кетпейді. Бірақ, ол міндетті емес қой, - деп қайырдым мен.

Шын мәнінде, ененің балаға қарамауынан туатын реніштің бірнеше себебі бар. Солардың себебін анықтап көрейік. 

Бірінші себеп

Жас ананың үлкен ұрпаққа ренжуінің басты себебі - инфантилизм. Басқа сөзбен айтқанда, "барлық адам маған міндетті" деген талап: көмектесуге міндетті, түсінуге міндетті, т.б. Жасы екідегі адам баласына үлкен адамдар шынымен де көмектесуге міндетті болса, жиырма екідегі адамға ешкім міндетті емес. Дәл осы ақиқатты жас аналар бірден ұғынып алғаны жөн. Туған нәресте анасының көмегінсіз күн көре алмайтыны анық. Сол себептен, ананың баласына деген махаббатын былай қоятын болсақ, ана оған есейгенге дейін қамқоршы ретінде ғана керек.  Бұл дүниеге келу не келмеу сәбидің шешімі емес. Оның әкесі мен анасының ғана шешімі. Сондықтан, ана баласын қарауға міндетті.  Бұл "жауапкершілік" деп аталады. Жауапкершіліктің инфантилизмге еш қатысы жоқ.

Екінші себеп

Екінші себеп - стереотиптер. "Әже" деген сөзді естігенде, кез-келген адамның көз алдында сиыр сауып, тәтті бауырсақ пісіріп, өз немерелерін бағып отырған адамның бейнесі келеді. Сол стереотипке алданып қалған жас аналар бала бақпайтын өз енесіне немесе анасына ренжиді. Алайда, келіннің де стереотиптері бар ғой. Келін сол стереотипке сай келмесе, өз өзіне ренжімейді. Сондай-ақ, енесінің де стеретипті әжеге сәйкес келмейтініне ренжу - ақымақтық.

Үшінші себеп

Үшінші себеп - туыстық қатынас. Көп жағдайда жас аналар алыс туысқандардың бала бағуға көмектеспейтінін байқамай да қалады. Бірақ, жақын адамдардың балаға ала көзбен қарағанын өзін бірден байқайды. Осылайша, адамдарды "алыс-жақын" деп бөлу, олардың барлығы бірінші кезекте туысқандар болып табылатынын ұмыттырады.  

Төртінші себеп

Төртінші себеп - салыстыру. Неге пәленшенің енесі бар жұмысын тастап, немересін бағып отыруға дайын? Ал менің енем неге олай істемейді? Уақыт өте, осындай ойлар ананы өз баласын өзгелерден кем көруге итермелейді. 

Не істеу керек?

Ең бастысы, "ешкім ешкімге міндетті емес" деген ережені жаттап алу. Ешкім сіздің балаңызды бағуға, қарауға, жақсы көруге міндетті емес. Ененің жүрегінде балаға деген әжелік махаббат жоқ болса (ал бұл әдбен мүмкін), туыстық қарым-қатынас еш көмектеспейді. Әрі кеткенде, аяныш сезімін ғана тудырады. Сіз ененің баланы аяғандықтан жақсы көргенін қаламайсыз деген ойдамыз.

Әже мен ата - қарапайым адамдар. Олардың өз қалауы бар, бос уақытын қалай өткізгісі келсе, солай өткізуге құқығы бар. Прагматизмнің әсерінен, біз көп жағдайда әжелерді бала күтімімен айналысатын адамдар ретінде қабылдаймыз. Интернеттегі кейбір мақалаларда, тіпті бала қарағаны үшін әжелерге ақшалай төлеп тұру керек деген кеңестер берілуде. Бұл отбасы иерархиясына қарсы келіп, отбасылық құндылықтардың жоғалуына әкеледі. Бала баққан үшін енеңізге рахмет айтқыңыз келсе, жалдамалы адамға ақша бергендей оны ұялтпай, материалды көмек көрсетудің басқаша түрлерін таңдаңыз. Туыстық қарым-қатынас ақша негізінде құрылмауы керек.  

Ата-аналар әже мен немеренің арасындағы көпір сияты. Сол себептен, олардың басты міндеті - екі ұрпақтың арасын ажыратпай, жалғастыру. "Ол бәрібір менің баламды жек көреді, одан да араласпай-ақ қойсын" деген тұжырымды ұстанатын аналар көп ұзамай өз енесімен, не анасымен қарым-қатынасын бұзады. 

Шын айтыңызшы, сіздің не күйеуіңіздің туыстарының арасында сіз ұнатпайтын адамыңыз бар ғой? Сіз оны ұнатпауға құқылысыз ба? Әрине. Дәл сіз сияқты, өзге адамдардың да дәл сондақ құқығы бар. Жақсы көрмеу құқығы. 

Стоит почитать

Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий
популярные статьи