Баламен отыру vs. жұмысқа шығу

#Семья

Ана атану – әбір әйел адамның арманы. Бірақ, әдетте бұл арманның күні бойы үйде отырып, тек отбасы және үй шаруасымен айналасумен ортақ еш нарсесі жоқ. Уақыт өте аналар жұмысқа шығуды армандай бастайды. Ал таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін кеңседе отыратын аналар күні бойы баламен айналысып, үйде отыруды армандайды. Қайсысы дұрыс? Comode редакциясы бұл таңдауды жасауға көмектеседі.

Баламен отыру vs. жұмысқа шығу

Бала күтіміне берілген заңды декреттен шығу немесе шықпау - әр ананың жеке таңдауы. Бұл таңдауды жеңілдету үшін қызметтегі ана мен декреттегі ананың ұтымды және ұтымсыз жақтарын қарастырайық.

Жұмыс істейтін аналар

Ұтымды жақтары:

  1. Жұмыс жасайтын аналар әрдайым кәсіби дамып отырады;
  2. Жаңа, пайдалы таныстар табу мүмкіндіктері мол;
  3. Өмірдің екі сферасын алып жүру қажеттілігі шапшаң әрі жинақы болуға көмектеседі;
  4. Қаржылы тәуелсіздік аспектісі;
  5. Өзін-өзі күтуі, сәнді киінуі.

Ұтымсыз жақтары:

  1. Күні бойы жұсыста болғандықтан тез шаршайды;
  2. Баламен және отбасы мүшелерімен әлдеқайда аз уақыт өткізеді;
  3. Үй шаруасымен жеткілікті дәрежеде айналыса алмайды;
  4. Көп уақытты жұмыста өткізгендіктен, жеке уақыт аз болады.

Баламен отыратын аналар

Ұтымды жақтары:

  1. Баламен көп уақыт өткізеді;
  2. Өз уақыты өзіне ғана тиесілі, ешкімнің алдында есеп беріп жатпайды;
  3. Сүйікті ісімен айналысу мүмкіндігіне ие болады;
  4. Жеке меншік бизнес бастау және жүргізу мүмкінгі мол;
  5. Үй шаруасына жеткілікті мөлшеде уақыт бөле алады.

Ұтымсыз жақтары:

  1. Қаржылай күйеуіне тәуелді болу;
  2. Кәсіби даму мүмкіндіктің тапшылығына кезігеді;
  3. Үй шаруасынан шаршайды немесе жалығады;
  4. Өзіне деген күтім азаяды.

Көрініп тұрғандай, бұл таңдаудың ұмымды және ұтымсыз жақтары тең. Мәселе тек әр ананың алдына қойған мақсаттары мен приоритеттеріне байланысты.

Таңдауыңыз өзіңіздің және жақындарыңыздың көңілінен шықса болғаны.

#декрет #бала күтімі #кәсіп #жұмыс істейтін аналар #баламен отыратын аналар

Загрузка...