Ажырасқанмен асықпа қосылуға

Автор: aisha007
7019 55 Семья
Өмір бойы іздеген ғашығымды таптым деп ойладым. Махаббат сезімі осындай тәтті болар ма? Жас отбасымыздың күл-талқанын шығарған кім? Не? Енем бе? Ессіз ғашық бола білген жандар - отбасы қиыншылығына неге төтеп бере алмай жатады? Көкейде жатқан мың сауал...

Осыдан бір жыл бұрын ұлымның әкесімен ғаламтор арқылы танысқанбыз. Бір-бірімізді бірден ұнаттық. Нәтижесінде ішімде жаңа өмір пайда болды. 29-ға келіп алғаш бала сүю бақытына ие болғаныма Жаратқанға алғысым шексіз болды. Үлкен қуанышты бастан кешірдім. Әкесі де қуанды. Бірақ, енем бірден қарсылығын білдіріп, сүйіктім арқылы түсік жасатуыма кеңес берді. Орта жасқа келіп, аңсап-сағынып көтерген баламнан не себепті бас тартуым керек? Бала енеме керек болмаса маған керек, қайткен күнде сәбиім аман қалады деген үзілді-кесілді жауабымнан кейін енем тынышталғандай болды. Мешітте некемізді қиып, азаматтық некеде пәтер жалдап тұра бастадық. Қызығы мен шыжығы мол отбасылық өмірді бастан кешірдік. Сүйіктім екеуміз бір-бірімізге бауыр басып, болашақ нәрестеміздің өмірге келуін асыға күтіп жүрдік. Бірден айта кетейін, күйеуім маған дейін екі рет үйленген, үш баласы бар. Бірінші әйелімен әлі күнге дейін заңды некеде. Бастапқыда, алимент төлемеудің амалы ма деп ойладым. Балаларын жақсы көреді, анда-санда ақшалай көмектеседі. Олар Шымкентте тұрады. Жетінші айымда оның екінші әйелі «хал үстінде жатқан анасына барам» деп Ташкентке заңсыз өтпек болғаны үшін шекарада ұсталып, абақтыға белгісіз мерзімге жабылады. Заңсыз өтумен қатар бірнеше қаржылай алаяқтықпен айналысқан деген күдікпен ұсталыпты. Соның салдарынан 1,5 жасар қыздары қараусыз қалды. Өзбек атасы, ағайын-туыстары қызды бағудан бірден бас тартты. Амал жоқ, қызды өзімізге алдық. Ұрыс-керістің бәрі осы қыздың келуімен басталды. Ол қызды қанша бауырыма басайын десем де ол мені қабылдамай, әкесін үнемі қызғанып жүрді. Бірде енемде, бірде бізде тұрып жүрді. Қызды қарайтын бір адам керек болғандықтан енем жұмысынан шығып онсыз да мәз емес қаржымызға ортақтасты. Күйеуім тапқан табысының жетпейтінін айтып, енеммен бірге тұруымызды сұрады. Сөйтіп, 2 бөлмелі пәтер жалдап тұра бастадық.

3 айдан кейін әйелі ақталып, абақтыдан босатылып, қызды анасына Ташкентке апарып бердік. Бірақ, енеммен тұруды жалғастыра бердік. Жалпы, екі әйел бір үйде тұра алмайды деген рас екен. Енем шаруашылыққа араласып, істегенімнің бәрін сынап-міней бастады. Бір күні дастарқан басында енем алғашқы келінімен тұрған уақытын аңсап, онда ұлының сәнді киініп жүретінін айтты (Бірақ, бұған дейін алғашқы келінімен сыйыспай, келіннің «қиқар мінезін» айтып, жамандап та үлгерген ). Әңгіменің аясы ұлының қазіргі бет-бейнесі, менімен өмір сүруіне көңілі толмай, ұнамайтынға саяды. Күйеуімнің тапқан табысын санап, алдыңғы отбасыларына ақша жіберіп көмектесуін талап етті. Жалдамалы пәтерде тұрамыз, өз жүріс-тұрысымыздан артылмайды. Кейде жетпегенде ата-анамнан да қарыз аламын. Енем жұмыс істемейді, қайын сіңлім қызметтегі адам болса да ақшалай көмектескен емес. Оның алдында ғана мен күйеуіме жұмыста жүріп, елмен араласады ғой деп қажетті киім-кешегін, жұмысына қажетті заттарын (өз қаражатыма) сатып алып бергенмін. Сүйіктім осы жайтты айтып мақтана бастап еді, анасы міз бақпастан, «бұлай болуы заңды құбылыс» деп шорт кесті. Әңгіменің жалғасы ішімдегі 8 айлық балама жетті. «Бұл баланы асығыстықпен жасап, бекер қалдырдыңдар» деді. Мұны естіп жеп отырған асым ас емес, у болды. Мәссаған, әлі дүниеге келмеген жазықсыз шарананы қателік деп отырған енеме жол болсын, сәбиім енемнің бірдеңесін тартып алатындай не көрінді? Оған қайынсіңлім де қосылды. Әрине, күйеуім сол жерде анасына «болған іс болды, бояуы сіңді, бұл қателік емес, біздің үкілеп күтіп отырған сәбиіміз» деп тоқтау айтты. Мен үндемедім. Өйткені, менде үлкенді сыйлау, сүйіктімнің анасына қарсы келіп сөйлеу деген табиғатымда жоқ. Бірақ, бұл сөздер маған ауыр тиді. Осы отырыстан кейін күйеуіме анасының біздің отбасымызды бәрібір қабылдамайтынын айтып, онымен жақсы қарым-қатынасымды сақтап қалу үшін бөлек тұруымызды өтіндім. Алайда ол анасынан кетпейтінін айтты. «Егер анам сені қабылдамаса өзіңді қабылдата біл, менің отбасыма келген сен» деген сыңайдағы әңгіме басталды. Отбасымыздың шырқын бұзатын, баламды қабылдамайтын енеммен бір шаңырақ астында қалайша бірге тұрмақпын? Сүйіктімнің ешқандай әрекет жасамағанына күйініп, өз ата-анамның үйіне кетіп қалдым. Жүйкем сыр берген екен, басында қиналып, түнде жылап та алатынмын. Баламның әкесін күттім, ол артымнан іздеп келмеді. Осылайша күндер өтіп, көптен күткен сәбиімді дүниеге әкелдім. Бауыр етім балама аналық махаббатым толастар емес. Босанғанда әкесі келіп ұлын көрді, атын қойды. Бірақ, есімнен кетпейтін тағы бір келеңсіз жайт, перзентханада жатқанда баламыздың іші түйіліп ауырып, шырқырап жылағанда, әкесіне аскөк суын алып келші деп хабарласқанымда «мен жұмыстамын, босай алмаймын» дегені. Жұмысынан бір сағатқа сұранып, дәрісін әкеліп берсе болады ғой. «Перзентханадан шығарда хабарлас, өзім шығарып аламын. Қаржылай жағынан бәрін өзім көтерем» деген. Баласының жаны қиналғанда қасында табылмаған әкесі қуанышты күні не керек?! Перзентханадан ата-анам мен туған-туысым шығарып алды. Анам «баланың әкесі бар ғой, хабарлас, үйге шілдеханаға келсін» деді. Кешке таман «әкеміз» сыраға сылқия тойып ұлын көруге келді. Ұлымның қажет-жарағын алып беріп тұрамын, пәленше күні келемін деп сөз берген. Сөзі сөз болып қалды. Хабарлассам «жұмыста болдым, қолым тимеді» деп ақталды. Одан ешқандай қаржылай көмек көргенім жоқ. Көңілім қалғаны соншалықты онымен сөйлескім де келмейді. Анда-санда телефонмен хабарласып ұлының суретін жіберуімді сұрайды. Бар болғаны осы. Оның түсінігінде әкелік қатынас, парыз деген осы шығар. Әкесіз-ақ, атасының тәрбиесін көріп өсер балам. Осыдан бір ай бұрын баламның ыстығы көтеріліп, іші өтіп ауруханада жатып шықтық. Палатада баламмен жасты 2 айлық нәрестелер аналарымен жатты. Бірақ, олардың әкелері бар, балаларының керек-жарағын әкеліп, үнемі денсаулықтарын сұрап тұрды. Мұны көріп көңілім тағы құлазыды. Тірі әкесі бола тұра жетімдей болған балама жаным ашыды. Баламды әкесіз өсіруге хақым жоқ екенімді білдім. Әкесіне хабарласып, ауруханадан шыққанда үйге анда-санда келіп, баламыздың денесін ширатып, уқалап тұруын сұрадым. Қайткен күнде баланың әкесі ғой деп. Бұл менің балам алдындағы парызым деп білдім. (Сұлулық салонында дене уқалаушысы боп істейді). 2 рет келіп баласының денесін уқалап-ширатып кетті. Қайта қосылуымыз туралы әңгіме бастағанымда, ол қазіргі уақытта біріншіден, эротикалық сарындағы массаж жасайтынын, яғни қалталы қыз-келіншектердің құмарын қандыратынын, екіншіден анасынан ажырамайтынын айтты. Бұл менің қабылдай алмайтын жайт екенімді жақсы біледі. Осы 3-4 ай бөлек тұрғанымызда оның мүлдем өзгергенін байқадым. Қазір екі отбасына қаржылай көмектесіп жүргенін айтты. Ол менен ақша сұрама дегені. Мені жерден алып жерге салып жамандады. Мені мүлдем сыйламайтынын көрсетті. Осыдан кейін отбасымызды ұлымыз үшін сақтап қалу ниетімнен біржола айныдым. Оны да кінәламаймын. Өйткені, ол әке тәрбиесін көрмеген. Екінші өгей әкесінің 15 жыл бойы теперішін көріп өскен адам өзі әке болары неғайбыл. Үнемі сыра ішіп, мас боп жүретін әдеті бар. Осы сырасына сылқия тойып, аңдамай сөйлегенін бір мерекелі отырыста менің туысқаным көріп, жақтырмады. Онысын күйеуіме айтты да. Біздің отбасымызға араласып, ақыл айтқаны үшін күйеуім мені олармен мүлдем араласпауыма талап қойды. Қараптан қарап туыс-ағайынсыз қалайын дедім.

Күйеуімнің шынайы бейнесі осындай ма? Менің сүйген адамым басқа еді ғой, біздің сезіміміз қайда қалды? Ұлының туылуын күтіп, оны тіпті дзюдо спорт секциясына беремін деп жоспарлап жүрген әкеміз қайда? Әлде бәрі сөз жүзінде қалды ма тағы? Қайткен күнде бала берекесі мол шаңырақта, оның шын жүректен жақсы көретін адамдар арасында, үлкен махаббат пен тәрбие бар жерде өсіп-өнуі керек. Ең бастысы өмірімнің жалғасы – алтын балапаным, ұлым бар. Демеп отыратын көмекшілерім – ата-анам бар. Өмірімнің мәні мен сәнін кіргізген сәбиімнің барына шүкіршілік етемін.

Менің қыз-келіншектерге айтарым: бірнеше рет ажырасып үлгерген адаммен отау құрмас бұрын жақсылап ойланыңыз. Не себепті, қанша рет ажырасқанын, қанша баласы бар оларға көмектесе ме деген сауалдарға жауап алыңыз. Өйткені, алдыңғы отбасылық өмірін келістірмеген адам сізді және балаларыңызды бақытты етуі екіталай.

Құрметті оқырман сіз бұл оқиға жөнінде не ойлайсыз? пікіріңіз болса бөлісерсіз

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 55
Shyn

через каждую строку просматривалась эгоистичная старая дева, уж простите меня великодушно. как это, в 30 лет не суметь найти общего языка с 1,5 годовалой девочкой, говорить что она виновата в каких то грехах? кешке, қолым босағанда, отпишусь подробно)) ждите

соседка

зря вы так говорите, на её месте другие девушки давно бы сломались но она всё выдержала.теперь у неё есть ребенок ради которого она будет материю и отцом.

Shyn

а что там ломаться, что произошло? дочка? так она замужем за отцом этого ребенка, знала на что шла. мать? тетке надоел калейдоскоп невесток, знала же что идет замуж за дважды разведенного, да и первую сноху с внуками редко кто заменит, поверьте мне на слово. золовка, которая не помогает? а почему она должна им помогать, не удивлюсь если она оказывает матпомощь старшим, от первой жены. героиня получила то что хотела, ребенка рожденного в законном браке. Согласитесь, в наше время гораздо лучше звучит "ажыраган, баласы бар" чем отпей "отырып калган".
Это в 15 лет теряют голову от любви, а не в 29.

ААС

Прежде чем осуждать кого-то, возьми его обувь и пройди его путь, попробуй его слёзы, почувствуй его боль, наткнись на каждый камень, об который он споткнулся, и только после этого говори, что ты знаешь как правильно жить.

Shyn

а я не показываю правильное и не правильное направление в жизни, тас түскен жеріне ауыр. но и симпатии девушка или женщина, не вызывает, не в 17 лет замуж шла, в 30! на что рассчитывала, на песни пляски как в индийском кино? а если не хватило.... эмммм... как бы выразится, чтоб не прибили то.... житейского опыта, в 29, что же, умиляться этому? ну уж увольте.

aisha007

Shyn кроме 1,5 годовалой девочки вы что нибудь еще увидели в этой истории:? Девочка была временным обстоятельством/ кроме нее тут стоят проблемы бывших жен, тещи которая вечно чем то недовольна, и самое главное считавшая что мой неродившийся ребенок ОШИБКА. мужа которого я любила, но он был не в состоянии элементарно прокормить семью/ заплатить за квартиру, первая жена ушла от него с 2-мя детьми, вторая, еще больше старая дева чем я)) - держала его дома домохозяином, он был у нее альфонсом привыкшим жить за ее счет/ Он не помогает нам никак, иногда пишет в агент просит поцеловать сына крепко-крепко и желает мне счастья, он уверен что я его заслуживаю. Я должна найти настоящего Отца своем сыну, ведь мужское воспитание очень важно для мальчика в формировании Личности. увы родной отец не смог дать ничего для сына.
возможно я эгоистична, но только в плане выбора лучшей и благополучной жизни для сына, он должен расти в атмосфере любви и достатка

Shyn

если Вы понимаете родной язык, а судя по Вашему имени, Вы казашка, то должны были обратить внимание на то что я оставила подробный расклад мыслей на вечер. если нет, то прочтите еще раз: "кешке, қолым босағанда, т.е. как освобожусь вечером, отпишусь подробно)) ждите".

Тола

На чужом несчастье счастье не построишь...

Shyn

Айтқаныңыз өте дұрыс.
нууууууу, теперь ждите возмущение со стороны соседок и друзей))))) Вы совершенно правы, на чужом свое не строят, но будьте готовы ко всяким ответам, типа "а если это любовь?", "она страдалица, а они все негодяи" и т.д.

aisha007

Тола, когда мы познакомились он был совершенно свободен, то есть после 6 месяцев развода со второй женой, это я к тому что ничью семью я не разрушала))

Shyn

ого, так это Ваше жизнеописание???

Shyn

офигеть, даже 6 месяцев, как много!!!! даже после удаления зуба кость восстанавливается 8-10 месяцев, а тут крах целой семьи, перемена судьбы так сказать. Дорогие мои, после развода минимум (!!) 2 года надо восстанавливаться, 1 год отходить, 2 год учится философски смотреть на случившееся.

Рысдаулет

Еркек болу, ісінен сыналады, өмірлік парызы жанұя құрып, жанұясына қорған бола алатын адам ғана Еркектікке жатады. Ер жігіттің бір қыздан екінші қызға, қораз секілді секіргені, менім ойымша еркектікке жатпайды. Кей адамдар бала сүйуден арман, бұл адамның ойы тек озім, мен ғана деген, мен түсінбеймін соларды! Менін ойымша, өзіңнен шыққан бала жандардан, артық бақыт жок деймін!

AinurAS

Иә......... боямасыз өмір. Отбасылық қарым-қатынастың қандай болуы керектігін бала күнінен көріп-өспеген адам ертең тұлға болып қалыптасудан бұрын нағыз әке не нағыз шеше болуы екіталай деп ойлаймын. Жеке пікірім солай. Бұл туралы мен көптен ойланып жүрмін. Рахмет бұл жазбаның авторына. Өзім де қазір 30-дамын. Бірақ, тұрмыс құра қоймадым, бала тауып үлгермедім, әзірге. Әлі де үміт жоқ емес. Ең бастысы, сенім бар. Автордың басынан өткізген қиындығы "Алланың берген сынағы" деп қабылдап, ұнжырғасын түсірмей, мойымай, алға қарай ұмтылып жатқаны қуантады. Бұл жазба менің үйленіп ажырасып кеткен ерлермен "он тексеріп, он сынап" деген қағидамен ғана танысып, жақын болу керек деген көзқарасымды айшықтап берді. Негізінен, нағыз еркек өзін жан-жақты дамытып қана қоймай, отбасын ойлап тұратын, бар жағдайын жасауға басын қатыратын адам деп ойламын. Сезім деген санаға бағына ала ма бірақ, сайрағанда керімбіз, іс жүзіне келгенде бәрі басқаша болып жатады. Айтпақшы, автордың баласы бар, сол қазір маңызды. Ал өмір алда, әлі талай қызықты бастан өткересіз деп сенемін!

aisha007

иа, ең бастысы балапаным бар, сол аман болсын, берекесіз әкесінен не үміт не қайыр, ол отбасы болуға арналмаған адам,
Менің мақсатым -- жас қыз-келіншектерге отбасын құрарда бірнеше рет ажырасқан адаммен шаңырақ көтермес бұрын жақсылап ойлансын, таразылап көрсін, менің қателігімді қайталамасын деген ақыл-кеңес қана. Әр адам өз өмірінің суретшісі.

aygerim-amanbaeva

өте дұрыс мен сізді қодаймын

Эля777

В начале как всегда конфетно-букетный период в семейной жизни, а потом начинается бытовая жизнь, снимается маска и раскрываются все карты. Осуждать никого не собираюсь, но про комментирую. Только глупая женщина и мать скажет сделай аборт, только глупая женщина будет вмешиваться в семью. Многие матери делают ошибку вмешиваясь в семью и потом начинают пилить своих сыновей твоя жена такая сикая, потом начинаются разборки между мужам и женой, но это выбор ее сына и надо смериться. Конечно мать она одна, но и жена должна быть одна на всю жизнь. Наоборот мать должна своей келынке помогать давать дельные советы по семейной жизни так мы должны учится мудрости у взрослых, а матери наоборот начинают конфликт с келынками как соперницами. Конечно кого выберет сын? свою мать а по их словам жена всегда найдется. Вот так вот и не удивительно что три раза женатый был. Это уже грех для него и то что своих детей оставляет это тоже грех. Такого мужчину трудно назвать мужчиной, можно сказать жалкий мужчина. Почему жалкий? потому что когда его дети по взрослеют станут самостоятельными и всего добьются, а он будет старость встречать один и некому не нужный. А девушка сделала ошибку в выборе мужа. Хочу сказать что она сильная женщина что не пошла на аборт не сделал этот грех, а родила. Видна что она пыталась спасти свою семью, но я скажу если мать вмешивается это не будет семьей, либо он должен ей сказать стоп либо она должна остановится. Выбор за ним. Никогда не вернешь вчерашний день, стоила бы ему задуматься об этом. Желаю ей терпение мудрости, чтобы вырастить здорового умного сына. А так можно комментировать семейную жизнь бесконечно.

Жулдыз Какенова

100% согласна с Вами!!!

Гулька

Шынайы омир. Бул такырыпты омиринде ондай тагдырмен жолыкпаган, туыстарынын да арасында ондай ангимени естимеген кыз, озинен басынан откен ушин жазып отыр. Арине, сен ушин ол баска алем, баска тусиник, баска тарбие болады. Онын устине, 20\25 жасар кыз болсан, онда баска ангиме болар еди, ал сенин жасын да, омирлик устанымын да, жумысын бар, оз ойын мен пикирин калыптаскан кез екен. ал каншама ессиз махаббатка алданып куйеуге шыккан жас кыздардын да басынан отип жаткан жок па бул тагдыр?.. Менин бир тусингеним бул жерде ененин де келинин де ажыраскан айелдердинде кинасы жок, озинин еркек екенин таныта алмаган еркектин гана кинасы гой.

Эля777

Хочу спросить кто воспитывает этих мужчин? мы женщины. Чтобы воспитать достойного мужчину ему нужна семья мать и отец. Задумайтесь женщины у кого растут сыновья, как мы воспитываем? как вырастить достойного мужчину?

aygerim-amanbaeva

я думаю воспитать мужчину может только мужчина, поэтому после 6 лет женщинам нужно отпустить сына, а отцу заняться воспитанием.

Жулдыз Какенова

Тәәк, менде бір екі ауыз пікір қалдырайын. Менде 28 жасымда "кәрі қыз" болып күйеуге тидім. 29 жасымда қызымды босандым. Қазір 31-демін. Айтайын дегенім мен ата енеммен тұрамын. Алғашқы кезде үйде қайын інім тұрып еді, (айлап жылдап жатып алатын )туысқан қайындарды есептемегенде. Әр демалыста атасы мен әжесіне келетін старший қайындарым мен олардың балалары бар. Кейде миым жарылып кетердей болатын. Бірақ мен бұл өмірді менің жаңа өмірім. жаңа бақытым деп қабылдадым. Қабақ шытпадым. Үндемей шыдап жүре бердім. Былтыр кенже қайнымды кредитке белшеден батып үйлендірдік. Қазір ата-енем мен және күйеуім оны жабылып төлеп жүрміз. Оның жас келіншегі кенже келінмін ғой деген жоқ, сразу бөлек шығам деп ультиматум қойды. Ата енеме қартайғанда шай құйып тамақ жасап беріп отыруға ортаншы келін мен қалдым.
Түк ренжімеймін бұған. Мен бақытты боламын, сүйгенімді оның ата-анасын да бақытты етемін деген келіннің өмірі де бақыттырақ болатын шығар. Енелердің көбі өз баласын келіннен қызғанатыны ешкімге құпия емес. Бақытты болудың жолдарын іздестір автор, маған кім жақсылық жасайды деп күтпе - өзің жасап баста!!!

Shyn

Вы умничка Жулдыз, и если на этой теме кому и хочется пожелать счастья, так это Вам. Шыдамыңыз таусылмасын, кемпір мен шалдың батасын алғанға не жетсін, бақытты болыңыз. Хочется отметить особо, у Вас супруг видимо замечательный, если Вы ради него выдерживаете такое злоупотребление. Кредиттер төленер, ал Сіз отбасы ұйытқысы болып, қара шаңырақтың тірегі болып қаласыз.

Жулдыз Какенова

рахмет, Шын! ))

Shyn

ох, атым Шынар)))) просто когда я регестрировалась, это имя уже было занято, пришлось сокращать((((

Жулдыз Какенова

аааа, сорри Шынар! )

Жулдыз Какенова

У меня школьная подруга была по имени Шынар. Боевая, спортивная и независимая от чужих мнении)))

Эля777

Бұл жағдай басымыздан өткен, бирак биз үш абысын болып бир уйде турдык....

aygerim-amanbaeva

aisha007 еңсеңіз түспесін, мұның бәрі болуға керек жайт деп қабылдаңыз, бастысы кішкентайыңыз ауырмай үлкен азамат болып өссін, қазір сізге өзіңіздің физикалық және психологиялық денсаулығыңыз маңыздырақ, ал күйеуіңіз бен оның анасына таудай рахмет, өмірде мұндай қатыгездік болатынын көрсетті, сіз сабақ алдыңыз. екінші рет отбасын құрғанда бұл қателіктерге жол бермессіз, баласы мен әкесінің қарым-қатынасына шектеу қоймаңыз, өз-өзіңізге келгеннен кейін тамаша қыметі бар ұлыңызға әке болатын азаматқа да тұрмысқа шығарсыз, әзірге бастысы өзіңіздің денсаулығыңыз бен балаңыз, ата-анаңыз қолдап тұр, бұл да бақыт, тек жақсыны ойлап жақсыға ұмтылыңыз.

aisha007

Жулдыз Какенова, aygerim-amanbaeva пікір білдіріп, түсіністікпен қарағандарыңызға рахмет!

aygerim-amanbaeva

күйеуіңіз бен анасына ренжімеңіз, оларды жіберіңіз, әйтпесе өзіңізге ауыр болады, өз боқтарына өздері иленіп жата берсін, жаман еркекке өз баласы да ауыртпалық тудырады, нағыз еркекке бөтен бала да ауыртпалық тудырмайды, бастысы таға да альфонсқа ұрынып қалмаңыз, күйеуіңіз қандай көмек берсе де бас тартпай алғыспен қабыл алыңыз. көңіл күйіңіз көтеріңкі болсын, бас аман болса шаш өсіп шығар,

Shyn

а Вам не кажется что героиня магнит для бездельников и альфонсов?

aygerim-amanbaeva

возможно, никто не застрахован. если так, то тогда нужно повернуть мозги на 180 градусов.

Shyn

не выйдет, не повернутся. к этому подтолкнула фраза "Я должна найти настоящего Отца своем сыну, ведь мужское воспитание очень важно для мальчика в формировании Личности." О Құдай, еркектердің тяғы басына тимеген екен гой.

aygerim-amanbaeva

есть проверенный метод, искать спутника жизни через родственников )))) сначала нужно выбрать мужика настоящего, не женатого и потом за дело... )))

Shyn

ну-ну, тут 20 летних замуж удачно выдать проблема, а имеется женщина за 30, с ребенком и разведенная. И потом, как это у нас завелся настоящий мужчина не женатый, тоже за 30. это наводит на размышления))))
напишу ка я про разведенных самцов...

aygerim-amanbaeva

отличная идея, ждем с нетерпением ))

Ainuka

Доброе время суток.
Прочитала историю таковых не мало к сожалению.
Конечно каждая девушка мечтает создать крепкую, счастливую семью. И не важно вышла ты замуж в 17 или в 30. У всех желание одно. В самой истории в итоге написано, что возможно нужно смотреть на то как он относится к своей бывшей семье, и конечно же ни в коем случае не поощрать его безразличие к своим детям от прошлого брака. Очень много мужчин, которые настругают детей и все, ушел покорять другие вершины. некоторые даже избегают алиментов, показывают низкий доход и т.д. они считают что эти деньги они дают не детям а его бывшей . такая скудная и узкая логика.
Процитирую выше сказанное: "жаман еркекке өз баласы да ауыртпалық тудырады, нағыз еркекке бөтен бала да ауыртпалық тудырмайды".
Если он настоящий мужчина он будет помогать своему ребенку, сколько бы их не было. Не все мужчины достойны быть папами, ведь не достаточно просто оплодатворить. нужно помочь ребенку встать на ноги, быть рядом и т.д. и т.п. дело не только в деньгах.
а в данном случае мужчина, просто бык осеменитель, который находится там, где ему выгодно. мужчина должен одевать-обувать свою жену, а не она его. и то что свекровь говорила, стыд и срам ей, что воспитала альфонса. хотя может у нее у самой такая сучность.
папа конечно нужен, но и без него можно достойно воспитать ребенка.
я к примеру выросла без отца, к сожалению он очень в молодом возрасте умер. конечно его очень не хватало, особенно когда смотрела на своих сверстников у которых полная семья. но это не помешало вырасти и стать личностью. спасибо Маме.
женщины очень сильные, и героиня, я уверенна даст достойное воспитание своему малышу. конечно если он будет тянутся к ребенку, помогать, не стоит отталкивать от ребенка. но все же нужно бдить. а то в итоге отец может сделать из мамы монстра которая разрушила их семью. не стоит и ребенку плохо говорить об отце, он вырастит и все поймет. просто жизнь так сложилась, что люди разошлись.
героине желаю встретить достойного мужчину.
а псевдо папа очень скоро постареет, и кому пардон будет нужен его интим-массаж. в этом мире все быстротечно. молодость быстро пролетит. и наверное героиня не последняя жертва быка осеменителя. Бог ему судья. Пусть варятся сами в своем дерьме.
перед женщиной другие цели :) воспитать и вырастить малыша. не унывать и идти с гордо поднятой головой.
просто считаю, что не стоит возобновлять отношения с отцом ради ребенка. ребенок вырастит, а в говне останется лишь женщина. если честно я не верю что быки осеменители могут быть хорошими семьянинами. на нем ведь свет клином не сошелся. всегда есть шанс встретить хорошего.
желаю удачи.
сорри если тавтология получилась )))))

aisha007

интересные комментарий, я рада что моя история вызвала такую бурную реакцию у всех, спасибо вам всем, вы делаете мне рейтинги, продолжайте в этом же духе)
p.s. это история написана давно, а муж вернулся ко мне приняв все мои условия, работает как папа Карло, свекровь и золовка в америке живут, так что сынуля растет с отцом. каждая жизненная ситуация дана нам как испытание, и пройти его наша задача.

Эля777

шын ба? отирик па?

Shyn

))))))))))))))!!!!

Shyn

хахахахаха!!! рейтинги говоришь))))) а такая история, плаксивая, а героиня акацца шоу устроила!!! молодец!!! и я молодец, что с первых строк тебя раскусила))))))) дегеніңе жеткен екенсің, сенің балаң әкесімен болса, қалғандары ше?
надо бы на два поделить сказанное, шоб рейтинги пошли))))

Arai

Ойбай, у кое-кого аж истерика случилась от злости. )

Жулдыз Какенова

Әп әдемі мақалаға әдемі-әдемі комментарий жазып күшті болып отыр едік, автордың соңғы жазғаны ма әлде Шынардың күлкісі ма білмеймін, әйтеуір мені біртүрлі жағымсыз сезімде қалдырды. Авторға күні бойы жаным ашып жүр еді, сөйтсем оның жағдайы жақсы екен Аллаға мың шүкір. Білмеймін, мені алдап қойған сияқты сезімде болып отырмын(((

aisha007

Жулдыз Какенова алданбадыңыз, бұл шынымен де басымнан өткен жағдай болды. дәл сол ауыр кезеңде жазғаным ғой бұл. бүгінгі таңда баламның әкесімен жарастық, отбасы болу оңай еместігін түсініп, екеуміз оны сақтап қалу мақсатында бір бірімізге бір қадам жасадық, бұл сайтқа жазғаным - осы оқиғаның ары қарай өрбуі,жалпы сырттағы адамның көзқарасы, баламмен қалсам да болушы еді өркөкіректік танытып, бірақ дәл сол баламның болашағы, ұлдың тәрбиесі үшін өз әкесінен артық жан табылмас деп шештім. жалпы отбасылық өмір бір жеңіс, бір жеңілістен тұрады. Сол үшін де маған ренжімессіздер Кайфтарыңызды бұзғаным үшін)))

aisha007

Шынар алдыңғы екі отбасы өз күндерін көріп жатыр, 1-ші әйелі тұрмысқа шыққан қайтадан, 2- ші әйелі ташкентте жеке бизнесын ашып алды. баринин тұрмысы жақсы, шүкір

aisha007

кайфтарыңызды жалғастыру үшін тағы бір әңгімемді салам бүгін-ертең, ол да Ертееее заманда болған))) темірді қызған кезде соқ демекші, эмоциям бар кезде жазамын бәрін, сосын уақыт өткен соң оқысаңңң, жарайды , ар жағын айтпай ақ қояйын, күтіңіздер!

botagoz-umitchinova

Я полностью согласна с Shyn. Боже сколько эгоизма у этой девушки. Во-первых, мама этого, так сказать, мужчинки оказалась более или менее адекватной женщиной. Она по житейски подумала, 3 детей, еще и 1,5-годовалая маленькая дочка, сын, судя по рассказу мало зарабатывает, как и еще одного прокормить. Также она ушла с работы ради внучки. А наша героиня что?, обвиняет ничего еще не смыслящую бедную девочку, по сути оставшуюся без матери (хоть и на какое то время) в том , что она встала между ней и мужем. Бооооже! Это же ребенок, тоскующий по матери. Затем она говорит, у нас и так не было денег, а мать еще говорила о том, чтобы помочь двум детям от 1 брака. Ну это же вообще-то его обязанность, он должен нести за них ответственность. Что ее ребенок - это ребенок, а эти дети - не дети что ли? Я думаю, свекровь сказала о помощи 1 семье не потому что она хотела ухудшить их материальное положение, а потому что жүрегі ауырды балаларға. Почему-то и қайын сіңілі должна была им помогать, ну почему должна не знаю. 30 это не 17, можно было думать, анализировать. 1,5 годовалая дочь и уже уход из семьи. Ну не знаю. Еще много чего есть. Ладно не буду писать.

nasty_girl

тааааак! история реальная и она помирилась с мужем что ли не поняла? )))

БИБАТИМА

даа, кандай окига мынау,тура сериал, озиниз драма жанрына жакын екенсиз Айша
неде болса бакытты болыныз, отбасынызбен тату татти омир суриниз

жадырра

да, сколько судеб женских нелегких

gauhartas

напишите еще, интересно читается, на одном дыхании)

aygerim-amanbaeva

знаю одно что ее больше читать не буду ((((

aisha007

Патша көңіліңіз білсін Айгерім Аманбаева))

ravshana

мұндай альфонс күйеубалалар қазір жетерлік, бірге өмір сүргеніне, баласына әке болғаны үшін де ақы сұрайды. көріп жүрміз талайын.

Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий