Анамнан көрген қасірет

Автор: aisha007
2372 15 Семья
Бұл әңгімеде таныстарымның аналарының қыздарына жасаған қиянатын әңгіме еткім келеді. Әрине әр ата-ана бауыр еті баласына жақсы өмір сыйлау үшін жанын аямай барын салады. Өзі жетпеген жетістігіне баласы жетсе екен дейді. Бірақ бұл өмір. Ал өмірде кез келген адам қателеседі. Жаңылысады. Балалары қателесіп сүрінсе, ата-анасы күйінеді. Бірақ сол сүрінгеннің қорытындысын баласы емес, орнына аналары өздері шешіп, қорытындылайды. Осылайша ата-ана баласының өмірін түземей, керісінше амантқа қиянат жасағанын өздері де түсінбей қалады.

Әңгіме №1. Жақсы араласатын көрші апа бар. 3 ұл 1 қыз тәрбиелеген 77 жастағы асыл ана.  5 уақыт намазын тастамайды. Қызы Нәзия қазір зейнеткер жасында. Жеке отбасы қызығын көрмеді. Балалары да жоқ. Жас кезінде  бір жігітпен жүріп одан аяғы ауырлап қалады. Анасы оны біліп қызына түсік жасатады. Жігітпен мүлдем жолықтырмай қояды. Түсік жасатқаннан кейін Нәзия ана болу бақытынан біржола айрылды. Өмір бойы облыстық әкімшілікте жақсы қызметте істеді. Ісіне адал, сымбатты жан.  Бірақ отбасын да құрмай, сүйікті жар бола алмады. Өмір бойы анасының сүйікті жалғыз қызы болды.  3 ағасы да жоғары қызметтегі адамдар. Ағалары Нәзияға «Балалар үйінен бала әперейік, жаныңа медеу болсын» дегеніне де келіспеді. Енді інісі өзінің 20 жастағы баласын осы Нәзияның атына жазды. «Сенің ұлың болады, одан туған немере сенің ұрпағың саналады» деп жаздырды.

Қазірше Нәзия осылай өмір сүріп жатыр.  Анасы бәлкім қызының баласын алдыртпағанда, мүмкін бәрі өзгеше болар ма еді. Өмір бойы анасына жалтақтаған қызы  сол оқиғадан кейін жігіт атаулыға көз салмаған.Бірақ бұл жерде мен ананың жалғыз қызына деген қызғанышын, өмір бойы қызым жанымда қалсын деген эгоистық көзқарасын байқаймын.   Әйтпесе қызының жүкті болғанын біліп, бірден той жасап жіберіп, қызын жіберуге асықпай ма осы күннің аналары?  Қызының алғашқы перзентін алдырғанда  оны өмір бойына бедеулікке әкелетінін сезінді ма екен ана жүрек?!

Әңгіме №2. Туыс апайымыздың үлкен қызы бар. Айгүл, жасы 42-де. Кәрі қыздар қатарында. Анасының мінезі қатал, ешкімді жақтырмайды. Оған өмір жаман, қоршаған адамдар оңбаған көрінеді. Ұлының келінімен де ұрысып-соғысып жатқаны. Үлкен кісі ғой деп, өзі алыста тұрады,өмірден көрген-түйгенін, ақылын айта ма екен деп жанында отырсам, өмірден түңілтіп жібереді. Моральдық-психологиялық жағынан өте ауыр кісі. Бұл кісімен 5 минут әңгімелесуден артық шыдамым жетпейді)) Ал туғанынан бастап тәрбиелеген қызы Айгүл қандай боп өсті десеңіз айтайын, жасық мінезді, өзіне сенімсіз, үнемі бойынан кемшілік іздеп жүреді.

Денсаулығым нашар деп үнемі дәрі-дәрмек ішіп, анализ тапсырып емделіп- әлектеніп жүргені. 27 жасында кафеде отырған кезінде Айгүлді  жүріп жүрген жігіті алып қашады. Ойда жоқта болған оқиға. Жарайды, ата-анасы тойын жасап шығарып салады. Бірақ арада 1 жыл өтпестен Айгүл үйіне қайтып келеді. Айтуынша, күйеуі мүлдем жұмыс істемейтін жатып ішер әрі оның боқтау сөздеріне көне алмапты. Араларында бала болмады. Міне сол уақыттан бері Айгүл қалаға келіп, карьера жасап, қазір банк есепшісі боп қызмет істейді. Ер атаулымен өз бетімен таныса алмайды, ұялып-қымсынады. «Жасың болса келіп қалды, климакс басталмай тұрғанда өзің үшін туып ал»  деген туысқанның ақылына да құлақ аспады. Танысу сайтынан бір еркекпен танысып, әйелдік  қажеттілігін өтеп жүреді. Ол отбасылы ер адам.  Одан да бала көтере алмады. Анализ тапсырғаннан жұқты ма, әлде әлгі  ер адамнан ба, әйтеуір әпкемізге «Гепатит  С» ауруы жабысты. Бұл тек қан арқылы және жыныстық жолмен берілетін ауру. Қазір квотамен емделіп жатыр.  Ауыр химиялық дәрілерді ішкен соң Айгүлдің климаксы да басталып кетті. Ана бола алмайтынына қайғырып жүр.

Міне, қызын үнемі сынап-мінеп, «неткен ақымақсың» деген тәрбиенің салдары осындай. Тағы да «Ана» атана алмаған бір нәзік жандының тағдыры.

Бұл жерде кімді кінәлауға болады?   Кімнен қателік кетті қалай ойлайсыз?

P.S. Баласын ұрып-соғу, жермен жексен етіп ұрысу,  істеген затын үнемі сынаған, бір жылы сөз айта алмаған анада не қадір бар?  Мұның бәрі тәрбиеге жатпайды. Керісінше бала психологиясын улайды.  Бала кезінде ата анасынан көрген жәбірін, қартайғанда өздеріне қайтарады. Бұл заңдылық.  Сондықтан Жаратқаннан тілеп алған бауыр еті баламызға қиянат жасамай, дұрыс тәрбиелей білейікші. Баланың бақыты үшін,  өзіміз үшін…

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 15
Shyn

очень сложная тема. И довольно знакомая, но с другой стороны, т.е. очень часто наблюдаю, как мамы заставляют дочерей выходить замуж. Это не всегда хорошо заканчивается. Кешке, қолым босағанда, пікірімді толығырақ жазармын. Бұл мақалаңыз, автор ханым, өте орынды сияқты, өлдім-өштім, күйдім-сүйдім дегенге қарағанда)

aisha007

толығырақ пікіріңізді күтемін

Shyn

думаю, Ваши истории больше про эгоизм недолюбленной женщины. Только такие женщины не могут отпустить детей, что сыновей, что дочерей. В снохах видят соперниц. Мне, а я провела детство и юность на юге, больше знакома ситуация обратная: мать криком, слезами, побоями добивается от дочери замужества, лишь бы люди не сказали, мол засиделась девка. Причем жениха выбирает сама мамаша. Қызына анасы емес, тура бір жеңгесі сияқты болып, смотреть противно. Менің бір құрбымды тура солай қылып, шешесі жіберді. Бұл қалай дегенімде, "диванға отырып, еңіреді ғой, осыған бар деп. Кешке серуенге шықпай отырып алғанда, жалынып-жалпайып сыртқа шығарып берді. Содан алып қашып келді ғой" деп өксігенде, артынан барған мен де шымылдықтың ішінде отырып аңырап берген едім)) Тойына үйіп-төгіп дүние берді, жылап отырған қызға ол дүниенің қажеті қанша. Содан, қоя берші, төрт айдан соң құдағилар ұрысып қалып, қызын қайтып сүйреп әкелді. Артынан келеді деп үміттенген болса керек, бірақ ана жақ та қайтпас екен, келмеді, екі ортада шала тағдыр құрбым қалды ғой. Бір-екі ай ыстық-суығы басылды, концерттің көкесі сонда басталды. Құрбыма күн жоқ, "қайтып келіп, бізді қара бет қылдың, сүйекке таңба" дегендей. Ырдым-жырдым, бір жыл өткен соң "байға ти" басталады. Кірсем де байға ти, шықсам да байға ти, өлетін болдым деп жылап отыратын еді. Тут надо отметить, что нам на тот момент было по 19-20 лет, сейчас гляжу на таких, Бог мой, как можно ТАК издеваться над ребенком, да еще своим? Мен жоқпын ол кезде, құрбым үйіндегі дәрінің барлығын ішіп қояды, жедел жәрдем шақырып, әрең алып қалыпты. Содан Марлезонский балеттің келесі беті ашылып, анасы бастаған бір топ туыс қызға сен бізді уланып масқараладың, қызына күн бермеген соң өстіпті деп айтатын болды жұрт деп әндетіп жатқанында, палатадан дәрігер айдап шығады. Сол ауруханадағы медбике жағдайды түсініп, әйелі өліп, балаларын бағып қалған ағасымен таныстырады, ол кісі шамамен бізден15-16 жас үлкен болса керек. Дальше уже все понятно.
Прочитала и сама ужаснулась, это все проделки родной матери. Сейчас муж ее вообще не пускает в наши края, да и сама она не стремится, лишь на похороны приезжает, без ночевки. Мама ее жалуется людям, что дочь бросила ее, не общается потому что она теперь на пенсии, а раньше ответственный пост и т.д. Вот только мне непонятно, почему отец или другие мать не одернули? Хотя, это очень умная дама, руководитель.

aisha007

шешесі үшін тұрса опақ, отырса сопақ болған құрбыңыздың тағдыры қалай қазір? күйеуімен жақсы тұрып жатыр ма?

Shyn

ол жағынан онша хабарым жоқ, тұрып жатыр ғой әйтеуір, бала-шағасы бар. Думаю, ағашка старше на 15 лет может найти общий язык с женой)) Встречаемся иногда, но не часто.

aisha007

БҰл әңгімеде мен 2 ақ адамның оқиғасын жаздым. Бірақ анасынан жәбір көрген қыздар қаншама? ал балаларын ұрғылап, жыламаса қайтадан ұрып, әйтеуір жылатудың амалын жасайтын, "айқайлап-шыңғырып" тәрбиелейтін жас аналарды көзім көріп жүр. Балаларын аяп кетемін. олардан қандай адам өседі? болашағы не болады, өмірге ұрпағын не үшін әкелді? деген сауалдар мазалайды. Балаға жәбір көрсетіп өсіру - бұл қалам тербейтін басқа тақырып.

nasty_girl

мдаа ужаааас! слов нет! родные люди так и делают! когда свекровь ревнует к снохе это ведь тоже самое, разводит своего сына от любимой дочки чем сделать наоборот! ведь 2 детей ей нужно было воспитывать!
ну то ладно но когда к своей дочке так, это видимо люди которые живут только своими амбициями, детей рожают не для того чтоб они по вашему жили а чтоб радоваться ими и сделать их счастливыми. Многие родители думают и считают это нормой что ребенок должен пожертвовать своим счастьем ради потребностей родителей! вообщем УЖас одним словом!

aisha007

кейбір аналар балаларын өздері үшін ғана тудым деп айтатындар да бар. мұндай қызғаныш пен эгоистық көзқарастан ұрпағының болашақ өмірлерін көзіңізге елестете беріңіз.

Жулдыз Какенова

Өте орынды өзекті тақырып Айша. Рахмет!
Не нәрсе болса да шектен шықпау керек қой. Балаға деген махаббат шектен шықса " маменькин сынок", "папина дочь" болып шығады, бала өмірге бейімделмеген болып қалады ғой. Қатал тәрбие берем деп шектен шыққандардың баласы "жалтақ, қорқақ, подкаблучник, женоненавистник т.т" болып шығады. Ойбай жұрттан ұят болады деп шектен шығып ұяла берсен балаңның бақытына жоғарыда мақалада айтылғандай балта шабылады. Жұрттың сөзінен қорқып, баласының бақытсыздығымен сол жұртты бақытты қылу барып тұрған бассыздық! Әйелін шексіз сүйіп, өз аға-қарындастарын ұмытқан жігіттер бар, немесе менің туғандарыма жақ ашпа деп әйеліне күн көрсетпей жанұяның күл-талқанын шығарғандар да бар. Өтірік емес! Ең дұрысы адам өз өзіне, жанұя мүшелеріне, жалпы өмірге әділ баға беру керек. Жаман пікрлер, жаман сөздер, жаман ойлар, жаман істер - ешкімді ешқашан бақытты қылмайды.
Пы.сы. Мен ешқашан ренжіткен адамға кек сақтамаймын. Ешқашан жек көрмеймін. Жамандамаймын. Адам жан дүниесі неге бай сонымен бөліседі. кімде сасық боқ, кімде жұпариісті гүл! Солай жасауға максимум күшімді жұмсаймын. Хотя это иногда очень трудно. Жизнь и люди порою слишком жестоки!

Sara_R

даа, и такие матери бывают. мен өзім сондай біреуді танимын-ау. жасы 23те, ұлы 2,5да. әлгі жас ана баласын ұрып соғып әбден қорқытып тастаған. онымен сөйлеспейді, оны тыңдамайды. артық қылық жасатпайды. бір робот сияқты, тұр-отыр, жат, же. қашан көрсең жалтақтап, қорқып тұрады...сол бала ертең өскенде қандай болады екен?!

aisha007

Кайбир жаксы дейсиз соны. Омир бойы анасына жалтактап оз бетинше кызметке де тура алмайды, уйлене алмайды. Оз омиринин иеси бола алмай калганнан улкен трагедия жок шыгар.

Sara_R

соны анау шешесі ойлап отыр дейсіз бе? балам ертеңгі күні кім болады, не болады...

aisha007

Биздин бир корши бар. Турмыска шыкпаган кари кыз. Минези шатак айел. Сол озинин синлисинин 2 баласын багатын няня. 1 ул 1 кыз. Кызы ширак. Ал улы 3 жаста. Али коляскада отырады. Оныда "отыр, тур, же, тиме, жат" принципимен тарбиелейди коршимиз. Оз бетинше ештене жасатпайды. Далага шыкканда елдин баласы улап шулап жугирип ойнап журсе, анау бала коляскада отырады(сау бала). Ештенеге кулкы жок, конилсиз. Мине осындай да тарбие бар.

aygerim-amanbaeva

бла бла бла очередная утка

aisha007

что за утка еще?

Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий