Алып қашу операциясы

Автор: ARU88
1882 0 Семья
XXI ғасырдың өзінде де қыз алып қашу салты жалғасын тауып келеді. Бұл дәстүрді дұрыс деп санайтындар, қыздың еркінен тыс әрекет жасап, басына ақ орамалды кигізе салады. Ата-бабамыздан келе жатқан салтты ұстанғандар «адам ұрлау» фактісі бойынша заң алдында жауап бере ме?

Кейінгі кездері қыздардың келісімінсіз алып қашқандардың бейнежазбалары әлеуметтік желіде өріп жүр. Көптің айтуына қарағанда, бұл жазба оңтүстік өңірден жеткен. Қыздардың жылап-сықтап, күш көрсеткеніне қарамастан, машинаға отырғызып, күйеужігіт үйдің алдына әкеліп береді. Ары қарай, қызды көндіру жеңгелер мен үлкен апалардың жұмысы. Қыз алып қашу- атам заманнан келе жатқан отау құрудың бір түрі.

Бұрындары жігіттің құда түсіп, қалың мал беруге жағдайы болмағандықтан, қыздың қалауымен алып қашқан. Бүгінде кейбіреулер сол ескі салтты басқаша түсініп, әлі күнге дейін орындап келеді. Ал, әлдекімдер үйленудің оңай жолы осы екен деп, қыздың қарсылығына қарамастан басып алып кетсе, біреулер қыздармен тіл табыса алмағандықтан достары мен ата-анасының айтуымен, сыртынан ұнатып жүрген бойжеткендерді алып қашып кетеді.

Қазіргі жастардың сөзінше, «қыз бен жігіт келісу арқылы алып қашу операциясын ұйымдастыруға болады. Ал, еркінен тыс, бейтаныс жігіттің алып қашуына түбегейлі қарсымыз»- дейді. «Қыз алып қашу-салт емес, қылмыс» дейтін заңгерлердің айтуынша, айыпталушы 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады екен. Соған қарамастан оңтүстік өңірдің жігіттері көне салтты жандандырып, қайта тірілтіп жатқандай.

«Қайтып келген қыз жаман» деген атаққа қалғысы келмейтін қыз байғұс ата-анасының абыройын ойлап, амалсыз көнуге бел байлайды. Алайда, дәл солай бас қосқан жастардың арасында бақытты болып жатқандары мен сүймей қосылғандықтан ажырасып кетіп жатқандар бар.

Сондықтан екі жақтың келісімі бойынша, өзің таңдаған жарыңмен  бас қосқанға не жетсін!

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий