Жүкті болуға сәтті кезең

#Беременность и роды

Ана болу әр нәзік жан үшін үлкен бақыт. Сіз ана болуға дайынсыз ба? Қай жастан бастап бала туралы ойлануға болады және жүктілікті қай кезеңге жоспарлаған дұрыс?

Жүкті болуға сәтті кезең

Медициналық тұрғыдан балаға алғаш рет жүкті болудың қолайлы кезеңі – 24 жас. Әйел ағзасының дамуы тоқтайды, гормондық жүйесі қалыптасқан, асқыну қаупі төмен, жүктілік мерзімін әйел жеңіл өткереді және босанғаннан кейін қалыпқа тез келеді.

Бірақ бұл қатып қалған ереже емес. 24 жас – бұл орташа сан, бірақ... Көптеген гинекологтардың пікірінше, құжат бойынша әйелдің жасы маңызды емес, маңыздысы – оның «биологиялық жасы». Осы арқылы оның физиологиялық күйі анықталады. 30 жастан кейінгі әйелдердің жағдайы жас қыздарға қарағанда жақсы. Ол өзіне көңіл бөледі, дұрыс тамақтанады, спортпен айналысады, дәрумендер қабылдайды. Оның жүктілігі – қалаулы және жоспарлы. Бәрі өзімен өзі болады деп сенген жас студент қыз дәрігердің кеңесіне мән бермей, түрлі күрделі түйткілдерге кездеседі. Мұндай жас ана баласына кіші інісі немесе сіңілісі ретінде қарайды. Жас отбасының тұрмыстық мәселесі, ажырасуды айтпағанда, жағдайды қиындата түседі. Есейген шақта босанған әйел өзін сенімді сезінеді, баласына аналық махаббаты оянады. Негізі, жасыңызға қарамастан, ең бастысы – сіздің денсаулығыңыз.

Жүкті болу үшін білуге тиіс 5 анық

1. Төсек қатынасына қашан және қалай жиі түскен жөн? Көбінің ойынша, төсек қатынасына жиі түсу арқылы жүкті болуға болады. Бұлай емес! Еркекке ұрықтандыруға қажетті сперма жинау үшін 48 сағат қажет екен. Кесте бойынша жүкті болуға қай күн ыңғайлы екенін анықтаңыз, осы кезеңде төсек қатынасына бір күн сайын түсіңіз.

2. Жүктілік уақытын қаншалықты ұзақ күтуге тура келеді? Егер сіз бен сіздің серігіңіздің жасы 35- тен төмен болса әрі екеуіңіз де сау және қорғанбасаңыздар, онда әр қатынас сайын сіздердің мүмкіндіктеріңіз 10 мен 15% жоғары. Дәрігерлердің ойынша, бәрі табиғи түрде болуы тиіс. 88% жұп бір жылдан соң міндетті түрде балалы болады, екі жылдан соң 95% жұп ата-ана атанады. Егер бір жылдан соң ана атанбасаңыз дәрігерге қаралу қажет.

3. Сау болу қаншалықты маңызды? Біріншіден, ішімдік мен кофеден бас тартыңыз. Екіншіден, темекі тартуды қойыңыз – темекі шегетін әйелдердің түсік тастауы шекпейтіндерге қарағанда 15-20% жоғары. Ал салмаққа келер болсақ, мұнда шектен шығу қауіпті: арықтардың да, артық салмағы бар семіз әйелдердің де гормондық күйі бұзылады. Тағы бір маңызды жағдай 35 жастан кейін жүкті болу мүмкіндігі төмендейді. Сонымен бірге, дәрігерлердің айтуынша, егер 30 жаста баланың тұқым қуалау ауруы 2-3% болса, ал 45 жаста бұл көрсеткіш 8% өседі. Сонымен қатар бұл ауытқушылық қатты білінеді. Сондықтан, дәрігерлердің айтуынша, 35 жасқа дейін балалы болған дұрыс.

4. Цикл ұзақтығының өзгеруі нені білдіреді? Айдан айға сіздің цикліңіз өзгереді – бұл қалыпты жағдай. Бірақ мұны бақылаған дұрыс. Әр ай сайын цикл қысқаруын қадағалаңыз – бұл уақытынан ерте тоқтаудың белгісі болуы мүмкін, бұл, тіпті, 35 жаста болуы мүмкін. Тәжірибелі дәрігер жүкті болу мүмкіндігін ұзартатын дәрі жазып береді. Егер цикл 21 күннен аз немесе 35 күннен көп болса, етеккір ұзақтығы мен бөлінуінде айырмашылық болса, гинекологтардың айтуынша, эндокриндік жүйе сырқатын жою керек.

5. Жүкті болу үшін ешқандай арнайы қалып жоқ. Егер сіз жүкті болу үшін төсек қатынасынан кейін 20 минут арқаңызда жатып, аяқты жоғары көтеру керек дегенді естіген болсаңыз – мұны ұмытыңыз. Аталық ұрық қынапқа түскен соң көздеген нысанына жатыр түтікшелері арқылы 5 минутта жетеді. Оларға тек жатыр мойын ауруы ғана кедергі жасайды.

Жүкті болмау үшін білуге тиіс 5 анық

1. Жүкті болу мүмкіншілігі қай кезде жоғары? Теория бойынша – овуляция күні, етеккір басталуына 14 күн қалған кез. Жетілген жұмыртқа жасушасы 12- ден 24 сағатқа дейін өмір сүреді, тек осы уақытта ұрықтану кезеңі жүреді. Бірақ әр ай сайын цикл өзгеріп тұрады, сондықтан ең қатерлі уақыт овуляция күні болып саналады, оған дейінгі 2 күн мен кейінгі екі күн – барлығы 5 күн. Қауіпті ретінде осы кезеңге дейінгі 3 күн – жатырға түскен аталық ұрықтың аналық жасуша пайда болғанша тірі болу мүмкіндігі бар.

2. Овуляцияны қалай білуге болады? Овуляцияға 2-3 күн қалғанда жатыр мойнынан бөлінді пайда болады: тұнық әрі созылмалы, шикі жұмыртқаның ақ сұйығына ұқсайды. Овуляцияның тағы бір белгісі – жұмыртқаның біріндегі ауырсыну сезімі. Жұмыртқа жасушасы өлген немесе ұрықтанған кезде бөлінді қою болып, сіз оны байқамайсыз.

3. Тұрақсыз цикл болса да жүкті болуыңыз мүмкін. Арықтығыңыз немесе цикл тұрақсыздығы себепті етеккіріңіз жиі келмесе де – бәрібір қорғануыңыз қажет. Дәрігерлер ескертеді: овуляция – бұл кез келген сәтте пайда болатын құбылыс. Мысалы, егер әйел арықтау болса, онда сәл ғана салмақ қосуы гормондық жағдайын өзгертеді.

4. Жүктілікке қарсы дәріні қашан және қалай арасын үзбей қабылдау керек. Гинекологтардың ойынша, ең қауіптісі – дәрінің алғашқысын және соңғысын қабылдамау. Осыны жіберіп алу арқылы «гормонсыздық» кезеңі ұлғайып, сіздің гормоналдық күйіңіз қалыпты жағдайға түсіп, овуляция пайда болады. Өкінішке орай, ең бірінші дәріні қабылдамау жиі кездеседі – мысалы, ұмытып, жаңа бумасын сатып алуыңыз мүмкін.

5. Контрацепция туралы ешқашан ұмытпаңыз. Біз қайталаудан жалықпаймыз: овуляцияның «қауіпті» және «қауіпсіз» кезеңдері мен нақты мерзімін білу сізді контрацепциядан босатпайды! Аталмыш әдістер сіздерге ертерек ата-ана атануға мүмкіндік беретіні рас. Дегенмен, өзіңіздің тәніңізді, ондағы болып жатқан құбылысты жақсы білу де өте маңызды. Бұл қандай қателік қауіпті әрі қандай нәтижеге алып келу мүмкін екендігін білуге көмектеседі. Сонымен бірге дереу контрацепция қабылдау керек пе екендігін нақты білесіз.

#контрацептивы #Как забеременеть #Овуляция #дни для зачатия #Жүкті болуға сәтті кезең

Загрузка...