Сәбидің жынысын қалай анықтайсыз?

Автор: ARU88
118167 0 Беременность и роды
Алғашқы жүктілік кезеңінде болашақ сәбидің жынысын білуге асығатынымыз рас. Сондықтан ана атануға аз уақыты қалған келіншектер халықтың жорамалы бойынша ішіндегі нәрестені анықтап жатады. Олардың қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін біліп көрдік. Ал, ғалымдар бұл жөнінде не дейді?

Халық арасында кең таралған болжамдарға қарап қаншалықты сәбидің жынысын білуге болатынын талдап көрдік. Мүмкін сіздің де аяғыңыз ауыр шығар. Тексеріп көріңіз.

Тәтті және ащы тағам

Жүкті әйел тәтті және жеміс жидектерге жерік болса қыз болады. Ал, ащы, қышқыл тағамдарды қалап тұрса ұл болады. Алайда, тамаққа деген құмарлық жүкті әйелдерде өзгереді. Ол жатырдағы балаға қандай қатысы болмақ? Аяғы ауыр келіншектің организімінде витаминдердің жетіспеушілігінен ащы немесе тәтті асқа тәбеті ашылуы мүмкін. Мәселен, С витамині аз болғандықтан олар цитрусты және көк алманы жегісі келіп тұрады. Сондықтан нақты тағамның түріне қарап баланың жынысын білу қиын.

 Іштің пішіні

Егер іштің көлемі жалпақ болса қыз. Сүйір, шығыңқы болып келсе ұл болады. Болашақ ананың бұлшық еттері қаншалықты қатты болса, іштің мықты болуы да соған байланысты. Сондықтан іштің пішініне қарап ештеңе айтуға болмайды. Алдымен әйелдің спортқа деген ара қатынасын білу керек.

Жүрек айнуы

Алғашқы күндерден бастап жүрек айнып құсатын әйелдер өмірге қыз бала әкеледі. Егер әлсіздік, лоқсу аз болса ұл бала дүние есігін ашады. Ғалымдар мұнымен толықтай келіседі. Анасы таңертеңнен бері өзін жайсыз сезінсе, ішіндегі нәресте қыз болады екен. Сараптама нәтижесі бойынша көптеген келіншектер осы жорамалды расқа шығарды. Зерттей келе қыз бала анасының құрсағында жатып, гормональды фонға әсер ететіндіктен әйелдерде әлсіздік болады.

Жүрек соғысы

Қыз баланың жүрек соғысы минутына 140 тан жоғары болады. Ал, ұлдың соғысы төмен. Шынымен де ұлдың тамырының соғысы қыздарға қарағанда төмен. Бірақ, ғалымдардың айтуынша бұл дәлелдер сәби дүниеге келген соғ орын алады екен.

Сыртқы келбет

Кейбір нәзік жандылар екіқабат кезінде құлпырып жүрсе, енді біреуінің бетіне жара қаптап, терісі құрғақ әрі майлы болып жүреді. Тіпті біреулердің шаштары түсіп, тырнақтары сынғыш болады. Мұндай кездері қыз баланың жарыққа келуімен байланыстырады. Себебі, олар анасының әдемілігін тартып алады дейді. Ал, босағаннан кейін бәрі қалпына келеді. Бірақ, келбеттің өзгеруі микроэлементтер мен витаминнің жетіспеуінен де болуы мүкін.

Күнтізбе әдісі

Адамдардың қанына да байланысты. Егер анасының қаны жас болса, онда қыз баланы кте беруге болады. Ал, әкесінің қаны жас болса, онда ұл бала. Әйелдердің қаны 3 жыл да бір рет жаңарып отырса, ал еркектердің қаны 4 жыл да бір рет қана өзгереді. Кесе бойынша қытайлардың көнеден келе жатқан әдісіне назар аударайық. Етеккир келмей қалған айды алып, оған сол кездегі ананың жасын қосамыз. Егер тақ болса ұл, жұп болса қыз болады. Бұл тәсілді қытайлық дәрігерлер қолдаса, батыстықтар әзірге есепке ала қойған жоқ.

Бақылау

Алғашқы жүктілік мерзімінде УДЗ көмегінсіз баланың жынысын бақылау арқылы білуге болады. Көп жағдайда жас әйелдердің бірінші баласы ұл болса, 25-30 асқан келіншектер қыз туады. Сондай ақ тұңғыш балаңыз ұл болса, оның желке тұсын қараңыз. Егер шаштан төмен бұрымы болса, келесі балаңыз қыз болады. Егер ол уақытта түсік тастап, алдырып тастайтын болсаңыз, одан кейін тағы да ұл бала өмірге келетін болады.

Бұл тек бар болғаны болжам ғана. Алдын ала балаңыздың жынысын білуге асықпаңыздар. Кім дүниеге келсе де сіз оны жақсы көріп, бауырыңызға басатыныңыз анық. Кейбір ата аналар баласының жынысына мән бермей, аман есен өмірге келуін күтеді. Ол өте дұрыс шешім. Керісінше тосын сый болғаны қызық емес пе?

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий