Картинка
Новости

Баян Есентаева: Махаббатым жүрегімде

 Атақты тележүргізуші, актриса және продюсер Баян Есентаева күзде жұртшылық назарына  «Махаббатым жүрегімде» атты көп сериялы фильмін ұсынады.  Аталмыш жаңалықпен ол өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

«Біздің жаңа жоба - 12 сериядан тұратын шынайы махаббат туралы хикая болмақ. Күзде Хабар телеарнасынан көрсетіледі.

Баян Есентаева бүгінгі таңда атақты продюсерлердің бірі саналады. Ол 1993 жылғы "Махаббат бекеті" атты фильмінен кейін актриса ретінде халыққа танымал болады.  Сонымен қатар продюсер ретінде оның «КешYou» жобасы қазақ сахнасында өзіндік орны бар топтың бірі.  «Коктейль для звезды» атты фильмін де көрермен жақсы қабылдады.  

                        

Баян Есентаева:  "Мен бәрінен де екі қызымды жақсы көремін. Олар үшін жан пида. Айаруым дарынды қыз. Ол музыкаға жаны жақын. Ән айтып, тәтті тағам пісіреді. Ал үлкені Айсәуле менің ізбасарым. Журналист және тележүргізуші болғысы келеді".

Отбасы жайлы: Отбасымызбен бос уақытымызды керемет өткіземіз. Туысқан, жора-жодастарымызбен қосылып табиғатқа шығамыз. Кәуап пісіріп, суға түсеміз, балық аулаймыз. Қыста шаңғы тебеміз. Кино мен театрға жиі барамыз. Бір сөзбен айтқанда, уақытты пайдалы етіп өткізуге тырысамыз.